Баспасөз релиздері

UKEF жалпы сомасы 3 млрд. АҚШ доллларына қазақстандық инвестицияларды қолдаудың кешенді пакетін ұсынады

UKEF жалпы сомасы 3 млрд. АҚШ доллларына қазақстандық инвестицияларды қолдаудың кешенді пакетін ұсынады
Астанада «Kazakh Invest» Басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаевтың Ұлыбритания (UKEF) ұлттық экспорттық-кредиттік агенттігінің атқарушы директоры, Ұлыбритания (DIT) Халықаралық сауда министрлігінің бас директоры Луи Тэйлермен кездесуі өтті.

Кездесуге ҚР-дағы Ұлыбритания Елшілігінің бірінші хатшысы Эдмунд Марлер, UKEF ТМД және Азия бойынша өңірлік директоры Вомик Нур-Шах, ҚР-дағы Ұлыбритания Елшілігінің Халықаралық сауда департаменті директорының орынбасары Ольга Протасова, Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігі экономикалық бөлімінің басшысы Ануар Куржикаев, ҚР-дағы Ұлыбритания Елшілігінің Халықааралық сауда жөніндегі мемлекеттік департаментінің маманы Гаухар Жүнісова қатысты.

Анықтамалық: UKEF - Ұлыбританияның сауда және өнеркәсіп істері министрлігінің қарамағындағы және агенттіктің экспорттық-кредиттік функциясын орындайтын британдық үкіметтік ұйым. Ұлыбританияда 1978 жылғы Экспорттық кепілдіктер және шетел инвестициялары туралы заңына сәйкес әрекет етеді.

Кездесу барысында Луи Тейлор жалпы сомасы 3 млрд. АҚШ долларына Қазақстанға қазақстандық инвестицияларды қолдаудың кешенді пакеті туралы айтты және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді, көлік инфрақұрылымы мен экспорттық өндірісті қоса алғанда, инвестициялауға арналған бірқатар секторларды атады.

«Kazakh Invest» өкілі Сапарбек Тұяқбаев өз кезегінде ҚР заңнамасы мен салық салуды жетілдіру, Үкметтен бірыңғай келіссөз жүргізуші ретінде «Kazakh Invest» рөлі, тұрақты тарифтік жүйесі, инвестициялық кепілдіктері туралы жүргізілген жұмыстарға тоқталды. Кездесу барысында Сапарбек Құрақбайұлы Қазақстандағы UKEF жұмыс істеу маңыздылығын атап өтіп, канализациялық жүйе және суару жүйесі сияқты дамудың жаңа бағыттарына тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша UKEF-ке қаржыландыруды қажет ететін басым жобалар бойынша тізімді, ақпаратты жіберу және Лондон қаласында 2 қазанда өтетін инвестициялық форум аясында UKEF және Kazakh Invest арасындағы негізді келісімге қол қою шешімі қабылданды.
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге