Баспасөз релиздері

Түрік инвесторлары Қазақстанда қант зауытын салуға ниет білдірді

Түрік инвесторлары Қазақстанда қант зауытын салуға ниет білдірді

«Kayseri Seker Fabrikasi» түрік компаниясының инвесторлары Павлодар облысында қант зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бизнесмендер «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігі бірлесіп ұйымастырған Қазақстанға сапары шеңберінде хабарлады. Шетелдік инвесторлар бұл жобаның келешегін Павлодар облысының әкімі Болат Бакауовпен де талқылады.

Өз кезегінде, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мамандары түрік инвесторларын отандық экономиканың басым салаларындағы жобаларды мемлекеттік қолдау шараларымен, бизнесті жүргізу рәсімдерімен және инвестициялық жобаны тиімді іске асыру мүмкіндіктерімен таныстырып өтті.

«Kayseri Seker Fabrikasi» Басқарма Төрағасының орынбасары Исмаил Гедик атап өткендей, компания бұл салада зор тәжірибеге және алдыңғы қатарлы технологияларға ие, сондай-ақ, Қазақстанда қызылша қантының өндірісін салуға мүдделі.

«Түркия әлем бойынша қызылша қантын өндіру жөнінде 5-орында. Біз нарық қажеттілігін көріп отырмыз және Қазақстан өзінің жеке қызылша өнеркәсібін жетілдіру үшін барлық мүмкіндіктерге ие деп есептейміз. Бұл салада 50 жылдан астам тәжірибесі бар Kayseri Seker Fabrikasi аталған саланы дамыту үшін қолдау білдіруге дайын,» - деп атап өтті Исмаиил Гедик.

Қазақстанда қызылша қантын өндірудегі отандық өндірушілердің үлесі 10%+-ды құрайды деп атап өтеміз.

Құны 200-250 млн еуроны құрайтын зауыт күніне 10 мың тонна қызылшаны өңдеуге және жылына 240 мың тонна қант өндіруге қабілетті. Осылайша, жоба сәтті іске асырылған жағдайда, ішкі нарықтағы қазақстандық қанттың үлесі бірден 50%-ға артады.

Анықтама: Kayseri Seker Fabrikasi – жылына қызылшадан 460 мың тоннаға дейін қант өндіру қуаттылығы бар Түркияда қант өндіру жөніндегі үш зауытты біріктіретін түрік компаниясы. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, Kayseri Seker Fabrikasi табысы $600 млн құрады, ал қызметкерлер саны 2,5 мың адамнан асты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге