Баспасөз релиздері

АҚШ Сауда министрлігінің сауда миссиясы 2018 жылы 25 қазанда Астанаға ресми сапармен келді

АҚШ Сауда министрлігінің сауда миссиясы 2018 жылы 25 қазанда Астанаға ресми сапармен келді

Сапар барысында қазақстандық-америкалық бизнес-форум өтіп, сегіз екі жақты құжатқа қол қойылды.

«Бизнес қатынастарын дамытуға арналған Қазақстандағы АҚШ сауда миссиясының» пленарлық отырысы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Маминның  және АҚШ Сауда министрі Уиллбур Росстың, ҚР министрліктер мен ведомстволар басшыларының, 20 астам америкалық компаниялардың басшыларының қатысуымен өтті. Пленарлық отырыстан бөлек шара шеңберінде «Инфрақұрылым және инвестициялар», «Энергетика», «Ауыл шаруашылығы» тақырыптары бойынша панельдік сессиялар өткізілді. 

Кездесу қатысушыларының алдында сөйлеген сөзінде Асқар Мамин ҚР Президентінің қаңтар айындағы АҚШ сапарын ерекше айтып өтті, оның шеңберінде екі елдің бизнестері арасында серіктестікті кеңейту  туралы уағдаластыққа қол жеткізіліп, сонымен қатар, жалпы сомасы 7 миллиард АҚШ долларын құрайтын коммерциялық құжаттарға қол қойылды. 

Қол жеткізілген уағдаластықтар нәтижесінде қазақстандық-америкалық бизнес қатынастардың жалпы көрсеткіштері баршама артты. Өсудің оң динамикасы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымының 29% артуынан (соңғы 9 ай ішінде) байқалады, АҚШ жалпы инвестиция ағыны 44,7% жоғарылаған (ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығы). 

АҚШ сауда министрі Уиллбур Росс қазақстанның инвестициялық климаты туралы жағымды пікір білдіріп, Қазақстан АҚШ бизнесмендерінің алдына инвестициялық бастамалар мен сауданы жүзеге асыруға зор перспективалар ашып отырғанын айтып кетті.        

Форум шеңберінде келесі салалар бойынша сегіз екі жақты құжаттарға қол қойылды: ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, авиақұрылыс, цифрландыру және ақпараттық технологиялар. 

«Kazakh Invest»  ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев   «Honeywell» компаниясымен серіктестік туралы мемонрандумға,  «Baron Services» компаниясымен бірлесіп, МЖС механизмі бойынша ҚР Ұлттық гидрометеорологиялық жүйесін құру бойынша  жобаны жүзеге асыру турады меморандумға, «Sierra Nevada Corporation» компаниясының жобасын жүзеге асыру бойынша серіктестік туралы ниеттестік – хатына қол қойды. Қол қойылған құжаттар шеңберінде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ жобаларды алдағы уақытта жемісті жүзеге асыру үшін ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға көмек көрсетеді.

Қол қоюшылар арасында ірі америкалық компаниялар мен ТҰК өкілдері бар: Valmont, MasterCard, Honeywell және Sierra Nevada Corporation. Қазақстан тарапынан қол қоюшылар  АХҚО, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі, «Қазақстан Инжиниринг» АҚ басшылары, Алматы қаласының әкімдігі болды.

Бүгінгі таңда АҚШ Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 41 млрд АҚШ долларын құрады. 2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда америкалықтардың қатысуымен 700 астам заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер тіркелген.
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге