Баспасөз релиздері

ТҰК Алматы облысындағы 1000 гектар жерге қарқынды бақ бағы салу жобасын қаржыландырады

ТҰК Алматы облысындағы 1000 гектар жерге қарқынды бақ бағы салу жобасын қаржыландырады

«Phoenix Global DMCC» трансұлттық компаниясы Алматы облысында жалпы аумағы 1000 га болатын қарқынды бау жобасын іске асырады. Тиісті келісімдерге трансұлттық компаниясы мен KAZAKH INVEST Дубайдағы үкіметаралық комиссияның аясында    қол қойды.

Жалпы құны $81,7 млн болатын жобаның іске асырылуы биыл басталып, алғашқы өнім 2021 жылы шығарылады деп жоспарлануда. Интенсивті бау-бақшадан басқа, инвесторлар қуаттылығы 8 мың тоннағы жуық болатын жеміс-жидектерді қайта өңдеу және сақтау цехын салады. Меморандумға сәйкес, инвесторлар 2 мыңнан астам жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр.

«Бұл жоба кластерлік дамуды көздейді. Бұл дегеніміз, өздерінің жобаларына заманауи технологияларды енгізумен қатар, инвесторлар көрші шаруашылықтарда жеміс өсіру тәжірибесін жетілдіруді жоспарлап отыр. Осылайша, жергілікті бағбандар жақын болашақта жоғары сапалы, экологиялық таза отандық өнімді шығарып, білімдерін арттырады», - деді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Тимур Тилинин.

Бақтардың аумағында алма, алмұрт, өрік, қараөрік, шабдалы және қызыл шие өсіру жоспарлануда. Өнімдерді өсіру, сақтау, сұрыптау, қайта өңдеу және мұздатудың толық циклін құру аясында балалар тағамы үшін шикізат болып табылатын концентратын және жеміс пюресін шығару жоспарланып отыр.

Айта кету керек, өндірілген өнім Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа, Қытай елдеріне экспортталып, сонымен бірге ішкі нарыққа жеткізіледі.

Анықтама: Phoenix Global DMCC – Дубай қаласында орналасқан көпұлтты компания. Компанияның негізгі қызметі ауылшаруашылық саласында. 2018 жылы компанияның сатылымы $2 млрд асты. Қазіргі уақытта компанияның 18 елде 27 кеңсесі бар. Phoenix Global компаниясының кеңселері ТМД, Азия, Африка, Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америкада орналасқан.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге