Баспасөз релиздері

50-ден артық қазақстандық өндірушілер «Қазақстанда жасалған» сауда-өнеркәсіптік көрмесінде қатысты

50-ден артық қазақстандық өндірушілер «Қазақстанда жасалған» сауда-өнеркәсіптік көрмесінде қатысты

Бүгін Астрахань қаласында «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ «Қазақстанда жасалған» сауда-өнеркәсіптік көрмесінің (отандық өндірушілердің тауарларын өткізу бойынша жоба) ашылуында қатысты.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жөніндегі вице-министрі Тимур Тоқтабаев басқарды.   

Өзінің құттықтау сөзінде Тимур Серикович: «Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушылары болып, біздің елдердің экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдарын одан әрі жақсартуға үлкен әлеуеті бар. Бұның дәлелдемесі ағымдағы жылдың басынан Қазақстан мен Астрахань облысының арасындағы тауар айналымының 24%-ға көбеюі (17 млн. АҚШ долл.) болады» - деп атап өтті.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – қазақстандық тауар өндірушілерінің өнімін ресейлік нарыққа жылжыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы облыстарының арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту.

Биылғы жылы отандық тауарларды Ресей нарығында өткізу үшін, сауда-өнеркәсіптік жәрмеңкеде түрлі салалардың 60-тан артық қазақстандық компаниялары, РФ Оңтүстік федералдық округінің (Астрахань, Волгоград, Калмыкия, Краснодар өлкесі, Ростов облысы) бизнес-қоғамдастығы, әлеуетті инвесторлар мен қаржы институттары (банктер), билік органдарының өкілдері, өңірлік СӨП, одақтар мен қауымдастықтардың басшылары, туроператорлар және Астрахань қаласының дипломатиялық корпусы қатысты.  

Сауда-өнеркәсіптік көрменің шеңберінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ресейлік инвесторларды инвестициялық жобаларды іске асыруға тарту мақсатында, Қазақстанда бизнес жүргізудің артықшылықтарын таныстыру форматында бизнес-семинар өткізілді және әлеуетті инвесторларға рейтингті емес жобалардың тізбегі ұсынылды.

Анықтама: Алғашқы рет бұл жобаны KAZAKH INVEST 2016 жылы қосты. Сонда жетекші қазақстандық компаниялар Ресейдің «Мария-Ра» және «Кировский» өңірлік сауда желілерінде 42 тауар позиясын ұсынды. «Қазақстандық тауарлардың Ресейдегі апталары» акциясы бір уақытта Новосібірде, Екатеринбургте, Барнаулда, Кемеровода, Томскіде және Новокузнецкте өтті, ол отандық кәсіпорындардың өнімін шамамен 900 сауда орындарында ұсынуға мүмкіндік берді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге