Баспасөз релиздері

Түрік AKpen Plastik зауытының кеңейтілуімен 50 жаңа жұмыс орын ашылды

Түрік AKpen Plastik зауытының кеңейтілуімен 50 жаңа жұмыс орын ашылды

Түрік инвесторлары Алматы облысында ПВХ үшін жоғары сапалы фурнитура мен алюминий жүйелерінің өндірісі бойынша жобаның екінші кезегін іске асырды. Жобаны іске асыруға шетелдік инвесторлар $5 млн инвестиция салған. 2019 жылы компания Орталық Азияның Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Әзірбайжан сияқты елдеріне өз өнімдерін экспорттады.

Инвесторлар атап өткендей, жаңа зауытты іске қосқан соң өндірістің жыл сайынғы қуаттылығы артып 1000 тоннадан 3000 тоннаға дейін дайын өнімдер өндіріледі. Зауыттың өзі 3 есеге үлкейіп, 1800 м2-ден 5000 м2-ге дейін жетті. Сонымен бірге, жақын арада тұрақты жұмыс орындар саны 100-ден 150-ге дейін артылады деп күтілуде.

«KAZAKH INVEST жаңа инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, компания жобаға қайта инвестициялауға үлкен көңіл бөледі. Жобаның Қазақстанға кіріп қана қоймай, өндірісті кеңейту, Қазақстанның инвестициялық климаты қолайлылығының жоғары бағасы болып табылады. Қайта инвестициялауды ынталандыру үшін біз компанияларға олардың ағымдағы проблемаларын шешуге көмектесеміз», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ аймақтық директорының орынбасары Дарья Овсянникова.

Айта кету керек, «FORES» ЖШС-ның зауыдында толық технологиялық айналым өндірісі жұмыс істеуде. Зауыт жоғары сапалы автоматтандырылған құрылғылармен қамтылған, ал өндіріс 5 цехтан тұрады: құйма, таңбалау-баспа және бояу цехы, сондай-ақ, жабындау, қаптау және жинақтау цехтары. Шикізат ретінде ZAMAK пен алюминий металлдарының қорытпасы қолданылады. Өнімдер тізбесінде өзіндік құрамы 95% құрайды.

Өндірілетін өнім ассортиментіне тармақтаушы тірек, біріктіруші импост, алюминий терезелер, есік және бөлмеаралық ұстағышлар, терезе және есік ілгектері, алюминийден жасалған 3D ілгектер бар.

Анықтама үшін: «FORES» ЖШС әлем нарығында AKpen Plastik ретінде танымал Akpen New Line зауытының ресми өкілі. Зауыт өндірісті және сапаны дамыту саласында айтарлықтай жетістіктерге жетті, оның өнімдері әлем бойынша 40-тан астам елдерге жеткізіледі.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге