Баспасөз релиздері

Kazakh Invest өкілеттігі Дели қаласында (Үндістан) өз жұмысын бастады

Kazakh Invest өкілеттігі Дели қаласында (Үндістан) өз жұмысын бастады

«Қазақстан-Үнді қарым-қатынасы: өткен күн, бүгін, ертең» дөңгелек үстел барысында «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының Дели қаласында өкілеттігінің ашылу салтанаты өтті.

Үндістандағы Қазақстан Елшісі Болат Сәрсенбаев Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың даму жағдайында өкілеттіктің өзектілігі мен ерекше маңыздылығын атап өтті. «Қазіргі уақытта Қазақстан Үндістанның Орталық Азиядағы негізгі сауда әріптесі болып табылады. Біздің елдер арасындағы сауда айналымы.

2018 жылы $1.2 млрд (2015 жылы сауда айналымы $461,6 млн құрды) жетті. Осы жылдың бірінші үш айында Қазақстан мен Үндістан арасындағы екіжақты сауда $293.1 млн. құрды, бұл өткен жылдағы баламалы кезеңмен салыстырғанда 35,9%-ға жоғары. Нұр-Сұлтан мен Дели арасындағы серіктестік белсенді дамуда, екі ел азаматтарының өзара сапарлары жоғарылауда «...егер 2014 жылы Қазақстан Үндістан азаматтарына 6 мыңға жуық виза берсе, 2018 жылы – 25 мыңнан астам виза берді», - деп Елші атап өтті. Одан басқа, АЭФ-2019 бастамасында өткізілген жаһандық инвестициялар жөніндегі жыл сайынғы дөңгелек үстел барысында, жалпы сомасы $300 млн асатын жобаларды Үндістан инвесторларының қарастыруы жөнінде алдын-ала келісімдерге қол жеткізілді.

Өз кезегінде, «Kazakh Invest» өңірлік өкілеттігінің директоры Айгүл Нұралина Қазақстан нарығына кіретін үндістан компанияларын инвестициялық мүмкіндіктер, шетелдік инвесторларға көрсетілетін жеңілдіктер мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру өкілеттіктің негізгі қызмет мәселесі екенін атап өтті.

Дөңгелек үстелге Үндістанның үкіметтік, іскерлік және қоғамдық орталардың, ғылыми-зерттеу институттары мен баламалы орталықтардың, БАҚ өкілдері қатысты. Еркін талқылау барысында дөңгелек үстел қатысушылары Қазақстан мен Үндістан серіктестігінің түрлі даму аспектілерін қарастырды. IT, Fintech, энергетика, ғарыш, әскери-техникалық серіктестік, дәрі-дәрмек жасау және басқа салалардағы өзара екіжақты байланысты одан ары жылжыту ұсыныстары айтылды.

Үндістандағы Қазақстан Елшілігінің ақпараты бойынша, 2019 жылдың күзінде Қазақстан Республикасы Президентінің Үндістанға сапары жоспарлануда. Осы сапарды ұйымдастыру шеңберінде ҚР Премьер-Министрінің, Сыртқы істер министрінің Үндістанға сапары, Инвестициялық форум, Үкіметаралық комиссияның кезекті отырыстары, Сауда мен экономикалық серіктестік, көлік және логистика, IT саласында серіктестік, сондай-ақ, әскери-техникалық серіктестік жөніндегі бірлескен жұмыс топтары сияқты бірқатар ауқымды іс-шаралар өткізілетін болады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге