Баспасөз релиздері

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы қызметіне Бауыржан Сартбаев тағайындалды

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы қызметіне Бауыржан Сартбаев тағайындалды

Тиісті шешім «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында қабылдады. Жаңа басшыны компанияның ұжымын Сыртқы істер минисрінің орынбасары Ермек Көшербаев таныстырды.

Министрінің орынбасары атап өткендей, ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминның төрағалығымен өткен инвестиция тарту мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесі аясында, жаңа басшылығы және компанияның алдында бірқатар міндеттер қойылды, оның ішінде жыл сайынғы жалпы тікелей инвестициялар ағымын 2018 жылғы $24 млрд-тан 2025 жылға қарай $34 млрд-қа арттыру.

ҚР Үкіметінің басшысы ұлттық және шетелдік инвесторлармен, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарымен ел экономикасына инвестициялар тарту және жаңа ауқымды жолбаларды табу бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

«Жаңа ьасшы шетелдік компанияларымен жұмыс жасау жағынан үлкен тәжірибеге ие. Бауыржан Мейрамбекұлы коммерциялық саласында бірқатар жыл әр-түрлі басшылық қыметтеріңде жұмыс істеген. Жиналған тәжірибе жаңа текшелерді іздестіруге және шетелдік инвесторларды таргеттеуді жақсартуға мүмкіндік береді деп сенемін», - деді Ермек Көшербаев

Министрінің орынбасары сондай-ақ бұрынғы басшының жетістіктерін ескерткен. «Сапарбек Құрақбайұлы Тұяқбаев бұл компанияның қаланған кезінен жұмыс істеп келді. Ол инвесторларды тарту және қарым қатынас орнату механизмін құрған. Өткен жылы «Kazakh Invest –тің қолдауымен $3,1 млрд болатын 27 жоба іске асырылды. Бұл жылы тағы 30 іске қосылады. Бұл көрсеткішті жылдан жылға арттыру керек», - деді министрінің орынбасары.

Айта кету керек, Отырыста негізгі капиталға инвестициялар ағымын ҚР ЖІӨ-іне шаққанда 30%-ға дейін арттыру бойынша институционалдық және заңнамалық шаралар талқыланды.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге