Баспасөз релиздері

Қазақстанның келешегі бар инвестициялық жобалары катар шейхына ұсынылды

Қазақстанның келешегі бар инвестициялық жобалары катар шейхына ұсынылды

«Kazakh Invest» қолдауымен Катарлық кәсіпкерлер қауымдастығы төрағасы Шейх Фейсалом бен Касим АльТани бастаған Катарлық бизнес-делегация Алматы және Астана қалаларына Қазақстандағы инвестициялық жобалармен танысу үшін келді. Аталмыш сапар «KazakhInvest» өкілдерінің ағымдағы жылдың сәуір айындағы Доха қ. кездесуінен кейінгі катарлық бизнес-делегациясының жауапты визиті болды.

Астана және Алматыда ірі қазақстандық компаниялармен және холдингтермен бизнес кездесулер ұйымдастырылды. «Kazakh Invest» катарлық делегацияға зерттеу үшін нақты инвестициялық жобаларды ұсынды.

Алматыда ірі катарлық құрылс компаниясы «Gettco Construction Division» алматылық компаниялар ұсынған коммерциялық жылжымайтын мүлік және қонақ үй бизнесі саласындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты. «Eurasia» холдингі өзінің металлургия, девелопмент және ауыл шаруашылығы салаларындағы инвестициялық жобаларын ұсынды. Катарлық «Al Sawari» Алматы маңында ірі тақырыптық саябақтың құрылысын салу бойынша жоба ұсынылды.

Астанада катар бизнесмендерінің «Kazakh Invest» басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаевпен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында қазақстандық бизнесмендер АӨК саласындағы, туристік, мұнай-химия және металлургия салаларындағы жобалар жайында айтып өтті.

Осылайша, катарлық бизнесмендерге өткізу қабілетін күніне 5 мың адамға дейін ұлғайту мақсатында «Табаган» спорттық-ойын-сауық кешенін реконструкциялау және жаңғырту бойынша жоба ұсынылды. Бизнес делегация 5-ші сыныпты мотор майларын және мұнай-химиялық өнімді өндіруге арналған 2 млн. тоннаға дейінгі көмірсутек шикізатын өңдеу бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында мұнай өңдеу зауытының құрылысын салу бойынша жобамен танысты.

Катарлық бизнесмендер жылына 100 мың тоннаға дейінгі көлемде күркетауық етін тереңдетіп өңдеу бойынша жобаға қызығушылық танытты. Сонымен қатар, «BI Group» және «KTZ Express» компанияларымен ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

Катарлық бизнес делегацияның сапары барысында қол жеткізілген келісімдер келесі айлар бойына белсенді түрде қарастырылатын болады. Осылайша, жақын арада қазақстандық делегацияның Катарға бизнес-сапары ұйымдастырылатын болады. Бұдан бөлек, катарлық бизнесмендер аймақтардың инвестициялық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі зерттеу мақсатында Қазақстанның бірқатар облыстарына баратын болады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге