Баспасөз релиздері

Ханс-Пол Бюркнер: «Адамдар өз болашағын Қазақстанмен байланыстырғаны өте маңызды»

Ханс-Пол Бюркнер: «Адамдар өз болашағын Қазақстанмен байланыстырғаны өте маңызды»

Boston Consalting Group (BCG) Директорлар кеңесінің төрағасы Ханс-Пол Бюркнер Қазақстанда «үкіметтің, жеке сектордың, жалпы қоғамның бірлесіп атқарған күшінің арқасында зор прогресске қол жеткізілді» деп есептейді. Алайда, оның ойынша «барлық адамдар – жасы да, қарты да Қазақстанды өз болашағы ретінде көруі – маңызды құраушылардың бірі болып табылады. Олар өз ойларын іске асыру үшін Лондон немесе Сингапурға бару туралы армандамауы қажет.»

«Адамдар өз мүмкіндіктерін әрекет етуші компаниялрда, жаңа стартаптарда көрулері керек. Оларды қолданулары қажет. Әлбетте олар қате жіберулері мүмкін, алайда ең бастысы, өз ойларын іске асыру және барлық ойлардың орындалу мүмкіндігінің болуы», - осындай тқжараамдаманы KGIR – 2019 пленарлық отырысы барысында BCG Директорлар кеңесінің Төрағасы Ханс-Пол Бюркнер білдірді.

BCG басшысының пікірі бойынша, экономикны ескі және жаңа деп бөлу қателік. «Бірінші кезекте, мен сіздерге экономиканы ескі және жаңа деп бөлуден бас тартуды ұсынар едім. Экономика жайлы жалпы айту қажет. Технологиялар туралы жалпылама, тек қана цифрландыру жайлы ғана емес. Бұрын технологиялар барлық салаларға, экономиканың барлық секторларына, барлық компаниялар мен біздің барлық өмірімізге ықпал етті. Осылайша, экономиканы ескі және жаңа деп жасанды бөлу, шын мәнінде өте дұрыс емес», - деп Ханс-Пол Бюркнер есептейді. Пленарлық отырыста сөз сөйлеу барысында ол бөлініспен айналыспай, ашылып отырған мүмкіндіктерді экономиканың барлық секторларында пайдалану жайлы ойлануды ұсынды. «Бізге осы талдаманы, цифрландыру нәтижелерін қалай пайдалану жөнінде ойлану қажет. Біз бүгін блокчейн, криптовалюта жайлы естідік. Электронды сауданы, немесе қандайда бір плтаформалар, танысу сайттарын ғана ескеріп қоймай, өз жұмысымызды қалай жақасарта алатынымызды түсінуіміз қажет. Негізгі міндет, атап айтқанда, Қазақстанда не істеу қажет, тек Қазақстанда емес, жалпы Еуразияда, Еуразиялық экономикалық аймақта, менің ойымша, жалпылама қарау қажет, Қазақстан жайлы ғана ойлау жеткіліксіз, сіздерде ресурстық сетор бар, олар: мұнай және газ, ТКМК, мұнайхимия, ауыл шаруашылығы, цемент, болат өндірісі, қызмет көрсету секторлары, логистика, құрылыс және қаржы қызметі – экономиканың барлық осы салалары фундаменталды қалай өзгеруі керектігін түсіну қажет», - деп BCG Директорлар кеңесінің Төрағасы жариялады.

Оның пікірінше, бұл проблемаға жалпылама, практикалық бөліктерге байланыспай қарастыру қажет. «Менің ойымша, бұның барлығына жалпылама қарастыру тұрғысынан қарау қажет. Ондаған жылдар бойы әрекет еткен мемлекеттік, жеке компаниялар, ЖМӘ компаниялары бар. Олар құнды құрудың барлық бөлшектерін ойластыру қажет, ҒЗЖТКЖ, инжиниринг, логистика, әкімшілік сұрақтар, қаржыландыру, сатудан бастап және одан әрі. Негізгі қиыншылықтар, проблемалар неден басталатынын, тұтынушылар неге шағымданатыны, ағындар, артық шығындар қай жерде, ресурс, энергияны үнемдеу мүмкіндіктері қайда, осы барлық процесстерді қалай оңтайландыруға болады», - деп Ханс-Пол Бюркнер есептейді.

Қазақстанның инвестициялық әлеуеттері мен мүмкіндіктеріне қатысты Бюркнер мырза «велосипед құрудың» қажеттігі жоқ деп айтты. «Инвестициялық мүмкіндіктер – Қазақстан мықты болып отырған негізгі салалар. Бұл мұнай-газ секторы, бұл ауыл шарушылығы, бұл туризм, көлік, логистика. Еш жерде жоқ нәрсені ойлап табайық деп ойлаудың қажеті жоқ, әрине, ол туралы да ойлау қажет, алайда, бір нәрсені қайталауда еш теріс әрекет жоқ», - деп консалтингтік компанияның басшысы айтты.

Бұл ретте, ол инвестициялар мен білім беруді бастамаға алу негізгі шарт екенін атап өтті. «Мен сіздерді ескерткім келеді, сіздің компанияныз үлкен бе, кішкентай ма, мемлекеттік пе маңызды емес, сіз білім беруге, денсаулық сақтауға инвестициялауыңыз қажет», - деп Ханс-Пол Бюркнер есептейді.

Көптеген компанияларда адамдар жаңа технологияларды қалай қолдануын бірге үйренеді. Барлық қызметкерлер, оның ішінде бұрыннан қызмет етіп келе жатқан қызметкерлер өздерінің қажеттігін сезінуі қажет және жаңа технологияларды енгізуге бірлесіп жұмыс істеуге жағдай жасалуы қажет. Бұл үкіметке де қатысты.»

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге