Баспасөз релиздері

Mitsubishi Corporation қазақстандық инфрақұрылымдық жобалар қызықтырды

Mitsubishi Corporation қазақстандық инфрақұрылымдық жобалар қызықтырды

11 қазанда Астана қаласында Mitsubishi Corporation компаниясының Қазақстандағы филиалының директоры Toru Yasuda «Kazakh Invest» ҰК» АҚ астаналық кеңсесінің директоры Брәлиев Әлжанмен кездесті. Сонымен қатар, кездесуде «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы мен «Астана Технополис» арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының өкілдері қатысты. Mitsubishi компаниясының басшылығы Астана қ. Халықаралық әуежайының қорында мультимодальдық хаб құру бойынша жобамен таныстырылды.

Астана қ. Халықаралық әуежайының қорында мультимодальдық хабының жобасы коммерциялық және тұрғын объектілермен, индустриалдық аймақпен, көліктік-логистикалық мақсаттағы объектілермен, рекреациялық орталықтармен және туристтік объектілермен Аэротрополистің жаңа орталығын құруды көздейді. Хабтың қызметі әуе кемелері мен жолаушыларға қызмет көрсетуге, жүктерді өңдеу мен сақтауға, мультимодальдық тасуға, сондай-ақ келешекте индустриалдық және коммерциялық аймақтарға инвесторларды тартумен, туристтік, тұрғын үй және рекреациялық объектілерді салумен Аэротрополистің девелопментіне бағытталады.

Диалог барысынды Mitsubishi өкілдері инфрақұрылым саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруда компанияның қызығушылығы туралы хабарлады (Әуежайлардың, су құбырларының, тұщытқыш ғимараттарының, тазарту ғимараттарының, газ бөлгіш жүйелерінің және т.б. құрылысы).

Бірлескен қызметтің болашағын талқылап, «Астана Технополис» өкілдері АЭА басқарушы компаниясының қызметімен таныстырды, сонымен қатар Астанадағы жаңа № 2 Индустриалдық паркте кәсіпорындар ашу үшін, инфрақұрылым құру және жапондық компанияларды тарту бойынша бірлескен ынтымақтастығы ұсынылды.

Кездесудің қорытындылары бойынша диалогтың қатысушылары одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа үміт артты.

         Анықтама:

Mitsubishi Corporation өнеркәсіптік қаржыландыруды, энергетиканы, металлургияны, машина жасауды, химиялық өнеркәсіпті, тұтынушылық тауарларды өндіруді қоса алып, іс жүзінде экономиканың әр саласында қызметін жүзеге асыратын жаһандық біріктірілген компания. Бүгін компанияның қызметіне инвестициялар және әртүрлі салалардағы бизнесті басқару кіреді. Әлемнің шамамен 90 елінде және өңірлерінде 200-ден артық кеңселер мен еншілес компанияларға және топтың шамамен 1200 компаниясының желісіне ие болып, Mitsubishi Corporation әр елде 70000 артық қызметкерге жұмыс береді.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге