Баспасөз релиздері

ҚР мен БАӘ арасында инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы келісіміне қол қойылды

ҚР мен БАӘ арасында инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы келісіміне қол қойылды

ҚР Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған сапары аясында, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек және БАӘ мемлекеттік қаржы министрі Обейд бен Хумейд аль-Тайер ҚР мен БАӘ арасында инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы келісімге қол қойды.

Осы тарихи маңызды оқиға бірлескен ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жақсы негіз құрауға мүмкіндік береді.

Келісім жеке келесім шеңберінде әр инвестициялық жоба үшін экспроприация мен ұлттандырудан қосымша кепілдік беру туралы инвестициялар үшін теңдессіз нормалардан тұрады.

Осы Келісімді іске асыру үшін бірлесіп Borealis (Mubadala Investment Company) әмірлік компаниясында полиэтилен өндіретін ірі мұнай-химия кешенін (Атырау облысында) салатын жоба дайындалып жатыр.

Осы келісімді іске асыру қазақстандық және әмірлік инвесторларына ұзақ мерзімді тұрақтылық пен құқықтық ортаның ашықтығын құрайды, екі ел арасында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсендіруге көмектесетін болады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге