Баспасөз релиздері

Ірі түрік «люкс» класты өндірушісі Қазақстанда былғары зауытын ашуды жоспарлап отыр

Ірі түрік «люкс» класты өндірушісі Қазақстанда былғары зауытын ашуды жоспарлап отыр

DESA түрік компаниясы Қазақстанда тері өнімдерін өндіру бойынша зауытын салуды жоспарлап отыр. Аталған бастамасы аясында шетелдік инвесторлар Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.

Қазақстанның Түркия Республикасындағы Елшілігінің және KAZAKH INVEST компаниясының қолдауымен DESA компаниясы (бұдан әрі - Компания) былғары өнеркәсібін зерттеу және елдің тері зауыттарын аралау мақсатында Қазақстан Республикасына іссапармен келді.

Сапар аясында Компания Семей былғары-тері зауытының қолданыстағы инфрақұрылымымен және зауытта бар шикізатпен танысты, сонымен қатар Семей тері зауытында болды.

DESA, өз кезегінде, Қазақстанда жұмыс істейтін зауытты бірлесіп басқаруға инвестиция салуға қызығушылық танытты, оның негізінде дайын өнім - сөмкелер, аяқ киімдер, аксессуарлар, сыртқы былғары киімдер шығару бойынша барлық циклін құрмақ.

«Бүгінгі күні біздің компанияда теріні қайта өңдеу және теріден бұйымдар шығаратын үш зауыт бар. Біз өнімді Еуропалық Одақ елдеріне, Ұлыбританияға, АҚШ-ға, Жапонияға экспорттап», - деді DESA бас директоры Бура Шале.

Жұмыс сапары барысында түрік делегациясы Алматыдағы бірқатар сауда базарларын мен бутиктерін аралап, былғары бұйымдарының түрлерімен танысты. Сонымен бірге, әлеуетті инвесторлар Семей қаласының әкімдігімен, KAZAKH INVEST және Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөнінде комитетінің басшылығымен, ауыл шаруашылығы, индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрліктерімен, сондай-ақ Жеңіл кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен келіссөздер өткізді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге