Баспасөз релиздері

Корей компаниясы жылыжай салу кезінде аквапониканың инновациялық жүйесін енгізеді

Корей компаниясы жылыжай салу кезінде аквапониканың инновациялық жүйесін енгізеді

Жамбыл облысы Қордай ауданында «MANNA CEA» корей компаниясы алаңы 0,6 га салатты жылыжай құрылысына шамамен 2,4 млн АҚШ долларын салады

Жылыжайды абаттандыру үшін екі көлем орнатылуда. Бір резервуар балыққа беріледі, онда өсімдікке арналған ыдыс көзделген. Балық тыныс-тіршілігі өнімдері жоғарғы көлемде өсімдік өнімдеріне арналған топырақты нәрлендіреді. Осылайша., дербес, өзін-өзі тазалайтын экожүйе құрылады.

Осы технологияның арқасында жыл бойын өнім жиналатын болады. Жыл сайын 400 тоннадан астам салатты дақылдар және 40 тоннаға дейін балық шығаруға мүмкіндік береді.

Корей инвесторлары бұл өндіріс инновациялық болып табылатынын атап өтеді. «Аквапоникада жылыжай өнімділігі гидропоникадағы заманауи жылыжайларға қарағанда, 20 пайызға жоғары. Біз гидропоникада топырақты жылыжай жасайтындай химиялық, синтетикалық тыңайтқышты пайдаланбаймыз. Сондықтан бізде экологиялық таза өнім», - деп атап өтеді «MANNA CEA» компаниясында.

Электр энергиясына және жылу жүйесіне шығын топырақты жылыжайға қарағанда, 1,5 есеге төмен. Алғашқы өнім 2019 жылдың 1 тоқсанында алынады деп жоспарлануда. Өнімді Ресейге, Орталық Азия елдеріне экспорттайтын болады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге