Баспасөз релиздері

Сеул қаласында өткен инвестициялық форум барысында «Kazakh Invest» компаниясы Оңтүстік Корея компанияларымен жоғары деңгейдегі кездесулер өткізді.

Сеул қаласында өткен инвестициялық форум барысында  «Kazakh Invest» компаниясы Оңтүстік Корея компанияларымен жоғары деңгейдегі кездесулер өткізді.

5 желтоқсан күні Сеулде «Құбылмалы Еуразиядағы Қазақстан» тақырыбында бизнес-семинар өтті, оған Оңтүстік Кореяның барлық өңірінен озық кәсіпорындар мен ұйымдардың 80-нен астам өкілдері қатысты. Іс-шара Оңтүстік Корея сауда мен инвестицияны көтермелеу бойынша мемлекеттен қаржыландырылатын ұйымдардың «KOTRA» штаб-пәтерінде өтті.

Семинарды «Kazakh Invest» компаниясының басқарушы директоры Салтанат Шунаева қатысушыларды құттықтау сөзбен ашты, ол өз сөзінде Қазақстан «құбылмалы Еуразия» тұжырымдамасына қандай жауап қатып жатқанын және соның аясында қалай дамып келе жатқандығын айтты.

«KOTRA» штаб-пәтерінің бас директоры Ким Сынук Корея мен Қазақстан арасындағы екі жақты қарым-қатынас туралы ақпарат бере келе, «KOTRA» мен «Kazakh Invest» арасындағы ынтымақтастықты атап өтті.

«Kazakh Invest» компаниясының өңірлік қолдау жөніндегі директоры Жандос Темірғали шетелдік инвесторлар үшін мемлекеттік бастамаларды, сонымен қатар агробизнестегі инвестициялық мүмкіндіктермен таныстырды. «Kazakh Invest» жоба басшысы Санжар Есенбаев корейлік компанияларға Қазақстанның инфрақұрылым, ІТ және машина жасау секторлары туралы ақпарат берді. «Kazakh Invest» жоба басшысы Сәлімжуарова Әлия Қазақстанның энергетика саласының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Пекиндегі өкілдігінің директоры Искандер Байтасов қатысушыларға өз ұйымы, оның инвестиция мен серіктестік үшін мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, "Қазмұнайгаз", «Зерде», «Қазақтеңізкөлікфлоты» компанияларының, сондай-ақ «Integrites» жекеменшік заң компаниясының өкілдері баяндама жасады.

Семинар аясында «Kazakh Invest» корейлік бизнесмендермен бірқатар кездесулер өткізді, оның ішінде «Lotte Capital», «POSCO», «KUNYOONG IBC», «Smart Farm», «Samhwa Paints» секілді компаниялардың өкілдерімен.

Аталған семинар Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық және қаржылық ынтымақтастықты нығайтудағы жаңа дамуды білдіреді. Қазақстан Корея үшін Орталық Азиядағы ең маңызды сауда серіктесі болып отыр, сондықтан да корейлік кәсіпорындар Қазақстанға 4 млрд. доллардан артық қаражат инвестициялаған.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге