Баспасөз релиздері

Eni және GE Renewable Energy компаниялары Бадамша жел электр станциясының жобасы бойынша құрылыс жұмыстарына кірісті.

Eni және GE Renewable Energy компаниялары Бадамша жел электр станциясының жобасы бойынша құрылыс жұмыстарына кірісті.

Eni және GE Renewable Energy компаниялары Бадамша жел электр станциясының жобасы бойынша құрылыс жұмыстарына кірісті Ақтөбе, 2018 ж. 10 желтоқсан – Eni және GE Renewable Energy (NYSE:GE) бүгінгі күні Қазақстандағы Бадамша кентінің ауданында жел электр станциясын салуға кірісуде, онда әрқайсысының қуаттылығы 3,8 МВт, ротор білігінің биіктігі 85 м, ротор диаметрі 130 м болатын GE 3.8-130 типті 13 жер үсті жел генераторы  орнатылады. Еліміздің солтүстік батысында Ақтөбе облысында орналасқан жел электр станциясы Eni компаниясыныңҚазақстан аймағында жел энергетикасын дамыту саласындағы алғашқы ірі инвестициялық жобасы және GE-ні Қазақстандағы бірінші жел электр станциясы болып табылады. Өткен жылы Eni компаниясы мен Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қол қойған Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес жобаның осы кезеңін салтанатты ашу рәсіміне жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, Италия Елшісі мен компаниялардың өкілдері қатысты. Аталған бастама Eni және GE Renewable Energy компаниялары арасындағы энергияның қайта жаңғыртылатын көздерін біріге дамыту және алға бастыру бойынша кең ынтымақтастық шеңберінде іске асырылады. Қуаттылығы 48МВт жоба республикада жел энергетикасының қуаттылығын едәуір арттыратын ынтымақтастықтың басталғанын білдіреді. Eni компаниясы елде 2050 жылға дейін энергияның 50%-ын қайта жаңғыртылатын көздерден өндіру бойынша өр мақсатқа жету үшін Республикаға толық қолдау көрстетуге дайын, сонымен қатар GE Renewable Energy бүкіл әлем халқын қайта жаңғыртылатын қуат көздерінің қолжетімді әрі сенімді энергиясымен қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Eni Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс жүргізуде. Компания Қарашығанақ кен орнының бірлескен операторы және Солтүстік Каспийдегі әртүрлі жобаларда, оның ішінде Қашаған алып кен орнында үлескер қатысушы болып табылады. 2018 жылы Eni ҚМГ ұлттық компаниясымен бірлесіп Исатай геологиялық барлау блогының операторы атанды.


GE Renewable Energy компаниясы туралы

GE Renewable Energy – 10 млрд. АҚШ доллары капиталы және бастапқы кезеңде өрістету тұжырымдамасы бар компания, кеңінен таралған энергетикалық өнімдердің бірін және қайта жаңғыртылатын энергия саласындағы цифрлық қызметтер жиынтығын іске асырумен айналысады. Гибридті жүйелер мен шоғырландырылған күн энергиясы сияқты жер үсті және жағалаулық жел технологияларын, турбина қалақшасы технологиясын, гидро- және инновациялық технологияларды біріктіре отырып, GE Renewable Energy әлемді одан әрі жақсарту және тазарту үшін бүкіл әлем бойынша қуаттылығы 400 ГВт астам энергия қондырғыларын орнатты. 80-нен астам елде жұмыс істейтін 22000-нан астам қызметкері бар GE Renewable Energy компаниясы әлемнің ең ірі экономикалырын және алшақ орналасқан елді мекендерді энергиямен қамтамасыз етудің жаңа жолдарын табу үшін жұмыс істеуде.



Eni компаниясы туралы

Eni – қызметін 71 елде жүзеге асыратын энергетикалық компания, персоналының
саны шамамен 33000 қызметкерді құрайды. Eni жұмыс істейтін елдерде энергияға
қолжетімділікті жеңілдету мақсатын көздей отырып және көмірқышқыл газының
шығарылымдарын азайту үшін барынша күш салып, компания энергиялық тиімді
шешімдер бөлімшесін құрды. Ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін
Eni энергиялық тиімді шешімдер бөлімшесі энергияның қайта жаңғыртылатын
көздерінің дамуына ықпалдаса отырып, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-
құрылымдық жұмыстарға кірісіп, компанияның басқа бөлімшелері мен қызмет
бағыттарымен үйлесімдікте жұмыс істеуге ұмтылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге