Баспасөз релиздері

Қазақстан-неміс әріптестігі: инвестицияға екпін

Қазақстан-неміс әріптестігі: инвестицияға екпін

Сыртқысаяси ведомствосы басшысының Берлинге сапары қорытындысы бойынша неміс инвесторлар Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне жоғары баға беріп, Қазақстан-Герман инвестициялық ынтымақтастығын арттыру бойынша Жол картасын әзірлеуге, сондай-ақ бірлескен стратегиялық жобалардың тізбесін жасауға келісті.

ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов ГФР-ға алғашқы ресми сапары аясында Қазақстан-Герман Іскерлік дөңгелек үстел өткізді. Шараға Герман экономикасының Шығыс комитеті және жалпы капиталдандыру $180 млрд болатын 20 неміс компаниялардың өкілдері қатысты. Олардың ішінде Linde Group, GEA Group, Deutsche Post, TUI Group, CLAAS KGaA mbH, Schaeffler Technologies AG & Co. KG, Deichmann SE, LEMKEN GmbH & Co. KG, сондай-ақ Tönnies Holding ApS & Co. KG, Böhmer GmbH секілді трансұлттық компаниялар.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары екі жақты келіссөздер жүргізіп, елдің инвестициялық климатын, Қазақстандағы жұмыс тәжірибесін талқылап, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, мұнай-газ химиясы, құрылыс, көлік, жеңіл өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективаларын белгіледі.

ҚР Сыртқы істер министрі еліміздің экономикасының негізгі даму бағыттары туралы егжей-тегжейлі баяндап, неміс бизнесіне индустрияландыру, цифрландыру, "қарапайым заттар" экономикасы бағдарламаларын іске асыруға, "Жасыл экономика" базасын құруға жәе "Астана" халықаралық қаржы орталығының жұмысына белсенді қатысуды ұсынды.

Инвестициялық әріптестікті одан әрі дамытуға іскерлік байланыстың дамыған инфрақұрылымы, оның ішінде сауда-экономикалық әріптестік бойынша Үкіметаралық жұмыс тобы, Қазақстан-Герман іскерлік кеңесі, Берлин Еуразиялық клубы және т.б. Сонымен қатар, Елбасының 2012 жылдағы Берлинге сапары аясында шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы қол қойылған Келісімі маңызды рөл атқарады.

Талқылау барысында «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев Қазақстандағы герман компаниялары үшін инвестициялық мүмкіндікті, өсу перспективалары және инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабарлады. Оның атуынша, бүгінгі күні Қазақстанда өз жобаларын іске асыруға қызығушылық танытқан 5 компанияларымен белсенді келіссөздер жүргізілуде.

Герман тарапының спикерлері Қазақстандағы жұмысының тәжірибесі туралы айтып, ЕЭО, Қытай, Таяу Шығыс, Орталық Азия нарықтарына қол жеткізу артықшылықтары және бизнес пен инвестицияларды кеңейту үшін кең мүмкіндіктерді жоғары бағалады. Герман кәсіпкерлері Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне: мал шаруашылығы және тамақ өнеркәсібінен бастап ауылшаруашылық машина жасау, зығыр майын және минерал тыңайтқыштарды өндіруге дейін ерекше қызығушылық танытты

«CLAAS KGaA mbH» компаниясының Қадағалаушы кеңесінің төрағасы, Герман экономикасының Шығыс комитеті Басқарма төрағасының орынбасары Катрина Клаас-Мюльхойзер екі ел арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктің оңды даму динамикасы туралы атап өтті: «Бүгінгі күні Қазақстан Орталық Азиядағы ең мағызды серіктес болып саналады. Жаңа функциялар Сыртқы істер министрлігінің құзіретіне өткен күннен бастап арамыздағы әріптестік артып жатыр».

Deutsche Post International компанисының Вице-президенті Юрген Ломейер еліміздің көліктік-логистикалық саласы дамуының оң үрдістері туралы айтып, соңғы 5 жылда Қытайдан Еуропаға және кері бағытта Қазақстан аумағы бойынша жүк тасымалының көлемі айтарлықтай ұлғайғанын атап өтті.

Тараптар инвестициялық ынтымақтастығын арттыру бойынша Жол картасын әзірлеуге, сондай-ақ бірлескен стратегиялық жобалардың тізбесін жасауға келісті.

Қазақстан делегациясына Ауылшаруашылығы міністрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, «KEGOC» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Қазгеология» АҚ, «БРК-Лизинг» АҚ, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Агромашхолдинг» АҚ-ның басшылары және тағы басқа Қазақстан іскер топтарының өкілдері қатысты.      

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге