Баспасөз релиздері

Қазақстандық жəне словакиялық бизнесмендер инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Қазақстандық жəне словакиялық бизнесмендер инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Нұр-Сұлтан қаласындағы іскерлік дөңгелек үстел шеңберінде қазақстандық жəне словакиялық бизнесмендер екіжақты инвестициялық жəне сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін талқылады. Форумға Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Елшісі Роман Василенко, ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, Словакия Республикасы Экономика министрлігі бірінші мемлекеттік хатшысы Войтех Ференца, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Тимур Тилинин, "Qazindustry" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Бекмағамбетов, сондай-ақ екі елдің 100-ден аса ресми жəне іскерлік орта өкілдері қатысты.

KAZAKH INVEST өкілдері іс-шара барысында еліміздің инвестиялық мүмкіндіктерін ірі ауқымды инфрақұрылымдық жобалар мен агроөнеркəсіптік кешен, энергетика, өңдеуші өнеркəсіп секілді экономиканың негізгі салаларын дамыту жоспарлары арқылы таныстырды. Тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан əрі дамыту мен бизнесті жүргізудің практикалық аспектілері мəселелеріне айрықша назар аударды. Сонымен бірге кəсіпкерлік қоғамдастық алдындағы перспективалар мен міндеттер талқыланып, сондай-ақ Қазақстан мен Словакияның бизнес-құрылымы арасындағы жаңа байланыстар белгіленді. SARIO словак инвестиция жəне сауда дамыту агенттігінің бас директоры Роман Шимончин Қазақстанда словак компаниясының ресми өкілдігін құруға жəне бизнес пен мемлекеттік сала өкілдерінің іскерлік байланыстарын нығайтуға, МЖƏ саласындағы жобаларды іске асыруға зор ықылас білдіріп отырғанын атап өтті. Аталған агенттіктің миссиясы - шетелдік инвесторларды тарту үшін ынталандыру құралдарын қолдану, жаһандық нарыққа ену табыспен жүзеге асырылуы үшін словак компанияларының қолдау көрсетуі.

Іс-шара қорытындысында "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ мен SARIO Словакия инвестиция жəне сауда дамыту агенттігінің арасында ақпарат алмасу жəне болашақтағы іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Сондай-ақ электр жəне жылу энергиясын өндіруге арналған энергиялық тиімді құрал-жабдық шығаратын ірі еуропалық кəсіпорын ENGUL s.r словак компаниясы мен " "Market Solutions" ЖШС қазақстандық энергетика компаниясының арасында да ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Екі елдің іскерлік ортасының диалог алаңын ұйымдастырушылар- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ.

Анықтама:

2019 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы Қазақстан мен Словакия арасындағы тауар айналымы - $26,3 млн. 2005 жылдан 2019 жылғы 2 тоқсан аралығында Словакиядан Қазақстанға жасалған тікелей инвестицияның жалпы ағыны $20,4 млн. Бүгінгі күні Қазақстанда словактар қатысатын медицина, электр энергетикасы, химия, өнеркəсіп, машина жасау жəне АӨК саласындағы 40 компания тіркелген.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге