Баспасөз релиздері

Берлинде алғаш рет қазақстандық өнімдер «Green Week-2019» халықаралық ауылшаруашылық көрмесінде таныстырылды

Берлинде алғаш рет қазақстандық өнімдер «Green Week-2019» халықаралық ауылшаруашылық көрмесінде таныстырылды

БЕРЛИН, 2019 жылғы 17 қаңтар – Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, «Қазақинвест» ҰК» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК басшылары құрамындағы қазақстандық делегация 84-ші «Жасыл апта-2019» халықаралық ауыл шаруашылығы және азық-түлік көрмесінің ресми ашылу рәсіміне қатысты. Іс-шара 18-27 қаңтар күндері Берлинде өтеді.

Биылғы жылы алғаш рет қазақстандық делегация еліміздің ауылшаруашылық және азық-түлік өнімдерінің ұлттық стендін таныстырады, сондай-ақ еліміздің ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешеніндегі инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы ақпарат береді. «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған павильонға әлемнің 60 елінің және 13 неміс федералдық жерінің ресми делегациялары қатысады деп күтілуде.

Сондай-ақ ү.ж. қазақстандық делегация азық-түлік өнеркәсібі мен ауылшаруашылық техникасындағы алдыңғы қатарлы неміс компанияларының жетекшілерімен, соның ішінде «Vion», «Claas», «Petkus» және «AGROTEC» компаниялары басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Сол күні ҚР-дың ГФР-дағы Елшілігінің және Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалогының қолдауымен ұйымдастырылған «Қазақстанның аграрлық секторындағы неміс компанияларының мүмкіндіктері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шара барысында неміс агробизнесінің өкілдері еліміздің инвестициялық тартымдылығын атап, Қазақстан Үкіметінің жергілікті өндірушілерді ынталандыруы мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруына жоғары баға берді. Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік кешеннің бірлескен жобаларын жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

19 қаңтарда Берлин ауылшаруашылығына цифрландыруды енгізуге арналған Дүниежүзілік аграрлық форумның Ауыл шаруашылығы министрлерінің 11-ші Конференциясының жұмысына ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.Исаева бастаған ҚР делегациясы қатысады.

«Жасыл апта» халықаралық көрмесі жыл сайын неміс астанасында 1926 жылдан бері өткізіліп келеді. Көрмеде ет және шұжық өнімдерін, жемістер, көкөністер және сусындар сияқты тамақ өнеркәсібінің барлық түрлерін, сонымен қатар тұқымдар, ауыл шаруашылығы техникасы, жылыжайлар және тағы басқа түрлі өнімдерді көруге болады. Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, 2018 жылы көрмеге 400000 жуық қонақ қатысты, ал тауарларды сатудан түскен табыс алғаш рет 50 миллион еуродан асты (57,2 миллион доллар).

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге