Баспасөз релиздері

Қазақстан - Жапония: жаңа инвестициялық мүмкіндіктер

Қазақстан - Жапония: жаңа инвестициялық мүмкіндіктер

Ағымдағы жылғы 1-2 тамыз аралығында қазақстандық делегацияның Токио қаласына сапары өтті. Сапар барысында жапондық «Sumitomo», «Marubeni», «Nippon Express», «Hitachi Construction Machinery», «Chiyoda Technol», «Sumitomo Mitsui Banking Corporation», «Sojitz», «Terra Drone», «JOGMEC», «Nikke Group» сияқты компаниялар мен ұйымдардың басшыларымен бөлек кездесулер өткізілді. 

Кездесулер барысында Қазақстанда машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы, логистика, мұнай химиясы, жеңіл өнеркәсіп, робототехника және ақпараттық коммуникациялық технологиялар  салаларында жүзеге асырылып жатқан және әлеуетті бірлескен жобалар талқыланды. Қазақстандық тарап жапондық компанияларға еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту және инвесторлар үшін мүмкіндіктерді кеңейту бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.     

Жапондық инвесторлар Қазақстанның экономикасына инвестиция салуға қызығушылық танытып, мемлекетіміздегі ағымдағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы хабарлады. Мәселен, әлемдегі төртінші ірі логистикалық «Nippon Express» компаниясы ағымдағы жылғы тамызда Қазақстанда өзінің Орталық Азиядағы өкілдігінің ресми ашылғанын атап өтті. 

Қазақстанда 2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Hitachi Construction Machinery» компаниясы тау-кен техникасына қызмет көрсететін аймақтық орталығын құру үстінде. «JOGMEC» мұнай, газ және металл жөніндегі ұлттық корпорациясы сирек кездесетін жер металдарды өңдеу технологияларын дамыту саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті. Жапонияның ірі «Sumitomo Mitsui Banking Corporation» банкінің басшылығы «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингімен бірлесіп ашылған несиелік желіні мүмкіндігінше белсенді түрде пайдалануды ұсынды. 

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 2 тамызда қазақстандық делегацияны басқарған Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың Жапонияның Сыртқы істер министрлігінің Парламенттік вице-министрі Кэнджи Ямадамен кездесуі өтті. Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. 

Жапония тарапы Қазақстанның екі ел арасындағы инвестициялық өзара әрекеттестікті кеңейту жөніндегі бастамаларын қолдауға дайын екендігін мәлімдеді. 

Делегация құрамында Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің, Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның өкілдері болды.

Қөзі: mfa.gov.kz

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге