Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Бразилия инвестициялық серіктестік мүмкундіктерін кеңейтуде

Қазақстан мен Бразилия инвестициялық серіктестік мүмкундіктерін кеңейтуде

Бразилияның Еуразия елдерімен инвестициялық-сауда серіктестік әлеуеті FIESP Бразилияның Сауда-өнеркісіптік палатасы алаңында Халықаралық семинар шеңберінде талқыланды. Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Қайрат Саржанов пен бразилиялық түрлі салалардағы 60-қа жуық компаниялар қатысқан іс-шара барысында “KAZAKH INVEST” ҰК” АҚ Стратегиялық талдау жөніндегі директор Жандос Темірғали Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен экономиканың басты секторларындағы мүмкіндіктерді таныстырып өтті. 

Сонымен бірге, ҚР Елшілігінің қолдауымен KAZAKH INVEST Бразилияның инвестиция тарту және экспортты дамыту жөніндегі APEX-BRASIL ұлттық компаниясымен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бразилия арасындағы екіжақты экономикалық серіктестік мәселелерін, сондай-ақ, шетелдік инвестициялар тарту саласында екі ұйымның жетістіктерін талқылады. 
APEX-BRASIL вице-президенті Аугусто Пестана мырза кездесу барысында Қазақстан мен Бразилия арасында география, тарих және экономика тұрғысынан көптеген ұқсастықтар бар деп атап өтті. Мемлекеттік шетелдік өкілеттіктерімен тығыз жұмыс жасайтын  СІМ жанындағы екі ұйымның да құрылымдық сәйкестігін бөліп айтты.

Келіссөз қорытындысы бойынша KAZAKH INVEST пен APEX-BRASIL ақпарат және тәжірибемен алмасу, компаниялар сапарларын ұйымдастыру және инвестициялық іс-шаралар өткізу арқылы өзара әріптестік жөніндегі жол картасы болуға негізделген Серіктестік туралы хаттамаға қол қойды.  

Бұдан басқа, KAZAKH INVEST Стратегиялық талдаужөніндегі Директор Жандос Темірғалидің Бразилияға сапары шеңберінде бразилиялық JBS, Minerva Foods және Embraer трансұлттық компаниялармен бірқатаркездесулер өткізілді. Тараптар агронеркәсіптік кешен және машина жасау саласында инвестициялық серіктестік мүмкіндіктерін талқылады. JBS компаниясы тамақ өндірі жөнінде әлемде екінші орындағы 60 жылдық жұмыс тәжірибесі, 22 елдегі 235 мың қызметкерлері мен 150 елдегі 350 мың тұтынушылары бар компания. JBS сиыр, шошқа, қой,тауық етін өңдейді, сонымен бірге,қосымша құн қосылған тағамдар мен жартылайфабрикаттар өндіреді. Біздің компания күн сайын 80 мың ірі қарамал, 14 млн. жуық құс, 115 мың шошқа және 100 мың тері өңдейді. Әлем бойынша біздің 400-ге жуық кісіпорнымыз бар және біз одан арғы кеңейтуді жоспарлаудамыз. Презентация қорытындысы бойынша біз, ет өңдеу және өңделген өнім өндірісі саласында серіктестікке қызығушылығымыз бар”,-деп атап өтті JBS корпорациясының атқарушы директоры Педро Бордон. 

Minerva Foods Компаниясының Операциялық қызметтер жөніндігі бас директоры Фредерико Алкантара Де Куэирозпен кездесу барысында, KAZAKH INVEST ресурстық қорды, экспорттық-логистикалық әлеуетті қоса алғанда, Қазақстанның ауылшаруашылық саласындағы мүмкіндіктермен,сондай-ақ, инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырды. Бұдан басқа,компанияға жалпы сомасы $40 млн болатын нақты жобалар ұсынылды.Кездесу қорытындысы бойынша бразилиялық тарап ҚР сапар ұйымдастыруға қызығушылығын растады. 

Embraer корпорациясы - әлемдегі үшінші әуе өндірушісін халықаралық дамыту жөніндегі Директормен кездесу барысында тараптар Қазақстанның әуе құрылысы саласы мен ҚР-да нақты жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқылады. “Қазақстанда мемлекеттің қолдауымен әуе құрылысы саласында бөлшектерден бастап ірі жинақтауларды ұйымдастыруға дейін тауарлардың зор спектрін өндіру мүмкіндіктері бар. Бұдан басқа, біздің ел өндірілген өнімді жеткізуге болатын ірі экспорт нарығына қолжетімді”,- деп атап өтті KAZAKH INVEST” ҰК” АҚ Стратегиялық талдау жөніндегі директоры  Жандос Темірғали.

Қазіргі уақытта Бразилия 21 мыңнан астам экспорттаушы-кәсіпорындардың болуымен бірге шетелден инвестициялар тарту жөнінде әлем бойынша 6 орында екенін атап өту қажет.

2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы $153 млн құрып 14% артты, бұл ретте қазақстандық экспорт 2 есеге өсіп $50,9 млн құрады. Баразилиядағы негізгі қазақстандық экспорт бағыттары: күкірт, ферросилиций, пластиктен жасалған бұйымдар, резеңке мен қара металл, табиғи уран концентраты. Бразилиядағы  Қазақстандық импорт бағыттары: қант, темекі, машина құрылғылары мен бөлшектері және құрылыс материалдары. 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге