Баспасөз релиздері

«Kazakh Invest» Ресей инвестициялық форумының жұмысына  қатысты

«Kazakh Invest» Ресей инвестициялық форумының жұмысына  қатысты

«Kazakh Invest» Басқарушы директоры Джандос Нурланов ақпан аралығында Сочи қ. өткізілген Ресей Инвестициялық Форумы жұмысына қатысты.

Ресей инвестициялық форумында Д.Нурлановтың «Ресей экспорттық орталығы» АҚ атқарушы директоры А. Тюпановпен және Омбы облысы губернаторының міндетін уақытша атқарушы А. Бурковпен кездесулері өткізілді.

Кездесу барысында өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды және агроөнеркәсіптік кешен, машина құрастыру, металлургия, химия және мұнай химиясы және т.б. тәрізді басымдықты салаларда, ресейлік компаниялармен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Сонымен қатар, «СИБУР Холдинг» ЖАҚ маркетинг бойынша директоры С. Жидкихпен кездесу өткізілді, оның барысында Қазақстан Республикасы аумағында мұнай химиясы саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың келешегі талқыланды. 

Анықтама үшін: Ресей Инвестициялық Форумы – бұл Ресейдің инвестициялық және экономикалық әлеуетін таныстыруға арналған алаң. 2017 жылы форум жұмысына әлемнің 37 елінен келген 4,5 мыңнан астам адам қатысты. Форум барысында 41 іскерлік шаралар өткізілді, көрме жобаларының аумағы 10 мың шаршы метрді құрады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге