Баспасөз релиздері

Kazakh Invest «Азия болашағы» (The Future of Asia) 25-ші халықаралық конференциясында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ұсынды

Kazakh Invest «Азия болашағы» (The Future of Asia) 25-ші халықаралық конференциясында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ұсынды

Қазақстан делегациясы Токио қаласында өткен «Азия болашағы» (The Future of Asia) 25-ші халықаралық конференциясына қатысты. Форум аясында қазақстандық делегациясының тізіміне кірген ерекше тапсырмалар жөніндегі елшілер Ерлан Хаиров, Батырхан Құрмансейіт және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның өкілдері Жапонияның бірқатар басым технологиялық компаниялар және ұйымдармен кездесті. 

Toyota Tsusho компаниясымен кездесу барысында АӨК саласында және Жапонияға экспортауға бағытталған жобаларды іске асыру жөнінде ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ инвесторлар жапон кеспесінде аты шыққан ингредиент – қазақстандық қарақұмықты экспорттауға қызығушылық танытты. Сонымен қатар, шетелдік кәсіпкерлер Қазақстан аумағына 5G технологиясын енгізуге қызығушылық танытты.

Бұдан бөлек «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның өкілдері Жапониялық “JOGMEC” мұнай-газ және металдар жөніндегі ұлттық корпорациясының мамандарына еліміздегі сирек жер металдар, оның ішінде никель және кобальтты өндіру бойынша жобалармен таныстырды. Өз кезегінде, инвесторлар уран және вольфрам өндіру бойынша жобаларға қызығушылық танытты.

Бүкіл әлем бойынша көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыруда 50 жылдық тәжірибесі бар «Sojitz» трансұлттық компаниясымен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша, инвесторлар контейнерлер және темір жолға арналған шпалдарды шығару жобасын іске асыруға және логистикалық хабты құруға ниет білдірді. Сонымен қатар, бизнесмендерді агро және тамақ өнеркәсібі, мұнай химия және IT саласындағы жобалар қызықтырды.

Сонымен қатар, жапон «Jetro» компаниясымен кездесу барысында тараптар еліміздегі ағымдағы жылдың қыркүйек айында жапон компанияларының қатысуымен өтетін инвестициялық форумды ұйымдастыру жағынан жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

«Азия болашағы» (The Future of Asia) 25-ші халықаралық конференциясы – NIKKEI (Financial Times) ұйымдастыруымен өтетін жылсайынғы экономикалық оқиға. Іс-шара өз алаңыңда Азия аймағының саяси жетекшілерін және бизнесмендерін жинайды. Осы жылдың күн тәртібінде – аймақтық даму мәселелері, оның ішінде экспорт, инвестициялар және стартап жобаларды іске асыру.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге