Баспасөз релиздері

Kazakh Invest Халықаралық Конгресс аясында ТКМК саласындағы инвестициялық әлеуетін таныстырды

Kazakh Invest Халықаралық Конгресс аясында ТКМК саласындағы инвестициялық әлеуетін таныстырды

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның өкілі Алмас Агибаев инвестициялық көкжиектер және тау-кең металлургия кешені саласын сандақ жүйеге көшу  маселелерге арналған «Astana Mining & Metallurgy» Халықаралық конгресс аясындағы инвестициялық сессия барысында қонақтарды Қазақстанның ТКМК-нің инвестициялық әлеуетімен таныстырды.

«Kazakh Invest шетелде және республика өңірлеріндегі өкілеттіктері арқылы инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді идеядан іске асыруға дейін және кейінгі инвестициялық кезеңде қолдау үшін қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда Kazakh Invest ТКМК саласында жалпы соммасы $9,7 млрд құрайтын 25 жоба бойынша мониторинг жүргізілуде. Олардың ішінде 10 жоба бойынша ($2,3 млрд) құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп және құжаттар дайындалып жатыр. 15 жоба ($7,4 млрд) бойынша пысықтау жұмыстары, сондай-ақ екіжақты келіссөздер ұйымдастырылып, әлеуетті инвесторлар тарапынан кешенді сараптама дайындалуда», -деді Алмас Агибаев.

Кешенді сүйемелдеуден басқа Kazakh Invest ТКМК саласындағы әлемдік ойыншылар үшін жаңа перспективті тауашаларды іздеу және анықтау бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Инвестициялық ұсыныстарды алға жылжу мақсатында, KAZAKH INVEST екі жыл қатар халықаралық консалдингтік компанияларымен бірслесе отырып халықаралық стандарттарға сай тауашалы жобаларды «қаптау», оның ішінде жобаны іске асыруға арналған бизнес-жоспарды дайындау бойынша жұмыстарды жүргізіліп жатыр.

«ТКМК саласы туралы айтатын болсақ, былтырғы жылы қапталға 60 жобаның ішінде 20-сы ТКМК жобалары. Олардың көбісі өндіру кезеңіне жеткізу үшін толық барлау қажет ететін металлдарды өндіру және өндеу бойынша шағын жобалары. Біз бұл жобаларды СІМ және Kazakh Invest шетелде ұйымдастырған барлық шаралар аясында ұсынамыз. Әрине әлеуетті инвесторлар тарапынан қызығушылық бар. Бірқатар жобалар бойынша біз шетелдік инвесторларды қазақстандық әріптесімен түйістірдік. Белсенді келіссөздер процесі жалғасуда» - деп хабарлады Алмас Агибаев.

ТКМК саласына инвестиция тарту үшін Қазақстанда үлкен қор бар. Алмас Агибаевтың пікірі бойынша, қызықтыратың тауашалардың қатарында Қоскөл, Союзное, Бақалыадыр секілді мыс өңдеу бойынша перспектівті участкілер, сондай-ақ Қазақстанның алғашқы алюминий өндірістік әлеуетін кеңейтуге бағытталған және алтын өңдіру саласындағы жобалар. «Қазақстанда болжанып отырған алтын қоры 9,5 мың тоннаға бағаланады. Бағалау бойынша, алтын кендерін өндіру және қайта өңдеу бойынша жобаларға инвестиция тартудың қосымша әлеуеті $10 млрд дейін жетуі мүмкін», -деді Алмас Агибаев.

Сирек және сирек жер металдарды өндіру және өңдеу әлеуеті жоғары секторлардың бірі болып табылады. «Сирек металдарды өндіру перспективалары тұрғысынан алғанда, Қарағанды ​​облысындағы (Северный Катпар және Верхнее Кайрактинское) әлемдегі ең ірі вольфрам кен орындарына үлкен қызығушылық танытылып отыр. Бұл жобалар $1 млрд дейін инвестиция тартып, Қазақстанды аммоний паравольфраматы бойынша әлемдегі жетекші ойыншылардың біріне айналдырады. Тағы бір перспективалық жоба - Қызылорда облысындағы Бала-Саусқандық кен орны. Жоба аясында бұл аймақта ванадий пентоксидін және концентраттарын өндіретің ванадий концентратын қайта өңдеу бойынша зауытты құру көзделіп отыр».

KAZAKH INVEST тау-кен металлургия кешені саласындағы перспективалық инвестициялық жобаларды анықтау және оларды іске асыруға инвесторларды тарту бойынша өз қызметін жалғастыруда.

***

KAZAKH INVEST Қазақстанның тау-кен және өңдеу өнеркәсібінің өзекті мәселелерін талқылау үшін орталық алаң болып табылатын AMM Конгрессінің ресми серіктесі. Жыл сайын AMM алаңында 60-тан астам әлемдік сарапшылар, соның ішінде мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, әлемге әйгілі ғалымдар, ірі компаниялардың бас директорлары тау-кен металлургия саласының негізгі мәселелерін және даму перспективаларын талқылайды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге