Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST бірінші жартыжылдық жұмысын қорытындылады

KAZAKH INVEST бірінші жартыжылдық жұмысын қорытындылады

2019 ж. бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның қолдауымен шетелдік капиталының қатысуымен жалпы құны $217 млн болатын 4 жоба іске асырылды. Сонымен қатар, осы жылы жалпы соммасы $1,7 млрд 12 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып, $7,1 млрд болатын 34 жоба белсенді кезеңге өтті.

KAZAKH INVEST 2019 жылы шетелдік қатысуымен құны $2 млрд құрайтын 30 жобаны іске асыруды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ құны $4 млрд болатың 35 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға ықпал ету жоспарланып отыр. Іске асырылып жатқан жобалардың 40% жаңғыртылатын энергия көздері және ақпараттық-коммуникациялық технологиялары салаларында. Осы жылы жалпы қуаттылығы 400 МВт болатын күн электр станциялары, 90 МВт болатын жел және 25 МВт-қа су электр станциялары өз жұмысын бастамақ. Жобалардың жалпы құны $680 млн құрайды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында KAZAKH INVEST ҚР Премьер-министрі Асқар Маминның төрағалығымен Үшінші жыл сайынғы Қазақстандық жаһандық инвестициялар бойынша дөнгелек үстел «Kazakhstan Global Investment Roundtable» (KGIR-2019) ұйымдастырды. Шара өз алаңында 1100-ден астам ірі әлемдік және қазақстандық компаниялардың басшыларын, халықаралық сарапшыларынү мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдерін жинады. Олардың ішінде 600 ден астам 41 елден келген қонақтар, сондай-ақ «Cisco», «Nokia»», «CITIC Bank Corporation», «WILO SE Group», «AGCO Corporation», «Valmont Industries», «Tyson Foods», «Yildirim Group» және тағы басқа ірі компаниялардың топ-менеджерлері бар. Іс-шара барысында қатысушылар жалпы құны 8,9 млрд. АҚШ долларын құрайтын 45 құжаттарға қол қойды.

Жалпы алғанда, соңғы екі жылдың ішінде Компания тарапынан инвесторлар үшін «жұмсақ инфрақұрылым» құрылды: Қазақстан заңнамасын мен рәсімдерін түсіндіру бойынша жұмысы реттелді, шешім қабылдаудың ашықтығы қамтамасыз етілді, әкімшілік жүктемелері азайды.

Бұдан бөлек, 13 тамыз күні Қазақстан Республикасының Үкіметі инвесторлар үшін «бір терезе» қызметінің жұмысын ұйымдастыру жаңа ережелерін, сондай-ақ инвестиция тарту және инвесторлармен ОМО және ЖАО тарапынан әріптестікті орынату тәртіптерін бекітті. Жаңа ережелерге сәйкес, инвесторларға қызмет көрсету үшін үш деңгейлі жүйе құрылды. Құжатқа сәйкес инвесторлар үшін бас операторы ретінде KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы бекітілді.

Бүгінгі күні қазақ, ағылшын және орыс тілінде invest.gov.kz Бірыңғай ұлттық интерактивтік интернет-ресурс жұмыс істеуде. Сайтта инвестициялауды қажет ететін жобалар туралы мәліметтен бөлек әр-түрлі мәселелер бойынша сұратуларды қабылдайтын қызмет іске қосылды. Тәулік бойы +7 7172 620 620 нөмірі бойынша инвесторлар үшін 2019 жылдың қорытындысы бойынша 1236 консультациялық қыметтер көрсеткен Call-center жұмыс істеуде. Инвестициялық омбудсмен қызметі аясында инвесторлар тарапынан 35 өтініш түсіп, оның 7-сі толық шешіліп, 2 сұрақ бойынша заңнамаға сәйкес түсіндіру жұмыстары атқарылды, 26 бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге