Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST ірі қытайлық компаниямен меморандумға қол қойды

KAZAKH INVEST ірі қытайлық компаниямен меморандумға қол қойды

KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы мен Қытайдың Zijin Mining металлургиялық компаниясы Қазақстандағы түсті және асыл металдар кен орындарын игеруге келісті. Ынтымақтастық туралы меморандумға «Astana Mining & Metallurgy Congress» 13-ші Халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясында қол қойылды.

Zijin Minig Group Co - әлем бойынша алтын, мыс, мырыш және басқа да минералдық ресурстарды барлаумен және игерумен айналысатын ірі тау-кен өндіруші. Компания Қытайдың 12 елінде және 14 аймағында 30-дан астам ірі тау-кен жобаларын жүзеге асыруда. 2022 жылы компанияның капиталдандыруы 47 миллиард доллардан асты.

DSC_0254.jpg

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Инвестициялық жұмыс тобының жоба менеджері Бауыржан Айтқұлов Қазақстан мен «Zijin Mining» ынтымақтастығы, оның ішінде жалпы тау-кен өнеркәсібін дамыту үшін жоғары әлеуетке ие екенін баса айтты.

"Мемлекет басшысының Қытайға сапары қарсаңында KAZAKH INVEST командасы геологтармен бірлесіп, күрделі кен орындарын әлеуетті бағалау мен жұмыс майданын дайындады. Біз тау-кен жұмыстарын кешенді жобаларда үлкен тәжірибесі бар инвесторларды анықтадық, ал Zijin Mining басым нұсқалардың бірі.Әлемдегі бірнеше ірі салаларда тәжірибесі бар қытайлық компания инвестиция салуға, біздің компаниялармен тәжірибе және технологиялар алмасуға жоғары қызығушылық танытты», - деді Б.Айтқұлов.

Ол Zijin Mining тәжірибесі, ноу-хау және озық технологияларға қолжетімділігі пайдалы қазбаларды тиімді өндіруге, тұрақты дамуды және экологиялық стандарттарды сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін баса айтты.

DSC_0261.jpg

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарушы директоры Азамат Қожанов Қытай Қазақстанның маңызды серіктесі екенін атап өтіп, инвесторларды сирек жер кен орындарын игеру мүмкіндігін де қарастыруға шақырды.

«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы өз алдына қолайлы инвестициялық орта құру, капитал мен технология тарту, сондай-ақ табиғи ресурстарды тұрақты және жауапты пайдалану негізінде ұлттық экономиканы дамытуға көмектесу міндетін қойып отыр. Түсті және бағалы металдар кен орындарын игеруде ірі компаниялармен ынтымақтасу – бұл бағыттағы маңызды қадам.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге