Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST: Қазақстанның ұлттық павильоны Шанхайдағы халықаралық көрмеде таныстырылды

KAZAKH INVEST: Қазақстанның ұлттық павильоны Шанхайдағы халықаралық көрмеде таныстырылды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов бастаған Қазақстан Республикасының ресми делегациясы Шанхай қаласында өткен 2-ші Қытай халықаралық "Сһіпа International Import Expo 2019" көрмесіне қатысуда.

Бұл іс-шараны ҚХР Коммерция министрлігі, Шанхай қаласының Халық Үкіметі және Қытай Экспо халықаралық импорт бюросы ұйымдастырды

Шанхай импорттық көрме аясында экономикалық және инвестициялық әлеует "Kazakh Invest "ҰК" АҚ, "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ, "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ, АХҚО, "Астана Экспо - 2017", "Kazakh Export", "Qazatrade "ССДО," Қазақ Туризм" және "Қорғас" ШЫХО отандық компанияларын таныстырды.

Қазақстандық өнімдерді ұлттық павильонда, ауданы 180 шаршы метрді құрайтын 30-ға жуық қазақстандық азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласының компаниялары ұсынды.

Сонымен қатар, көрме алаңында Халықаралық бизнес өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығы, туризм, ақпараттық технологиялар, қаржы, логистика, инфрақұрылымды дамыту және сауда салаларындағы перспективалық инвестициялық жобалар талқыланды,

"Бүгінде Қытай түрлі өнім түрлерін импорттау бойынша әлемде көшбасшы орынға ие. Стратегиялық орналасуы мен Қытаймен ортақ шекарасының арқасында Қазақстанда өндірушілер айқын басымдыққа ие, атап айтқанда, Батыс Қытай нарығына 300 миллионнан астам тұтынушыдан қол жеткізе алады. Халықаралық бизнес өкілдері Қазақстанның инвестициялық жобалары мен мүмкіндіктеріне үлкен қызығушылық танытты, бұл болашақта ынтымақтасуға үлкен мүмкіндік береді", - деп атап өтті "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Өзбеков.

Көрмені өткізу барысында қазақстандық және қытайлық коммерциялық ұйымдар арасында экспорттық келісім-шарттарға қол қойылды:

- "Younghui" және "Xinjiang San Bao" кәсіпорындары үшін күнбағыс майы мен ұнды жеткізуге келісім;

- 60 млн. АҚШ долларынан асатын 500 мың тонна арпа сатып алу ниеті туралы меморандум. CITIC компаниясы үшін.

"Сһіпа International Import Expo 2019" ұйымдастырушыларының ақпараты бойынша, көрме алаңдарына көрме жұмысы кезінде 78 экспонент қойылды, а.ж. 5-10 қараша аралығында әлемнің 100-ден астам елінен 150 000 кәсіби сатып алушы қатысу жоспарлануда.

Демонстрациялық алаңдардың аудиториясы ұлттық компаниялардың, холдингтердің, венчурлық ұйымдардың, турагенттіктердің, авиакомпаниялардың, көлік компанияларының, қонақ үйлердің, курорттардың өкілдері, IT-шешімдерді және т. б. әзірлеушілер болып табылады.

2-ші Қытай халықаралық импорттық тауарлар көрмесінің ашылу рәсіміне шетелдік делегациялардың басшылары ретінде Француз Республикасының Президенті Эмануэль Макрон, Грек Республикасының Премьер-министрі Алексис Ципрас, Сербия Республикасының Премьер-Министрі Ана Брнабич, Ямайка Министрлер Кабинетінің басшысы Эндрю Холнесс және басқалар сияқты бірқатар әлемдік көшбасшылар қатысты.

Анықтама:

ҚР Президенті Қасым-Жомарт2019 жылғы 13 маусымда Бішкек қаласында ШЫҰ мемлекеттері Басшылары Кеңесінің 19-шы отырысына қатысу аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға "Сһіпа International Import Expo 2019"2-ші Қытай халықаралық көрмесіне құрметті қонақ ретінде қатысуды ұсынды.

Өткен жылы Шанхайдағы 1-ші Қытай халықаралық импорттық көрмеге әлемнің 130-дан астам елінен 3 мыңнан астам компания қатысты. Олардың екі жүзі әлемнің 500 ірі кәсіпорындарының тізіміне кіреді.

270 мың шаршы метр жалпы Көрме алаңында әр түрлі өнімдер мен технологиялардың 5 мыңға жуық атауы ұсынылды.

Қытай халықаралық импорттық көрмесі халықаралық көрме экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болды. ҚХР-дағы көптеген басқа көрмелерге қарағанда, бұл тек импортқа арналған жалғыз халықаралық көрме.

Әлемдегі ең үлкен халқы бар ҚХР көлемі жағынан екінші экономикаға айналды, импорт және тұтыну бойынша әлемде екінші орынға ие болды. Алдағы бес жылда қытай 10 трлн АҚШ доллары сомасына тауарлар мен қызметтерді импорттайтын болады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге