Баспасөз релиздері

«Kazakh Invest» және Люксембургтің сауда палатасы экономикалық күн тәртібін кеңейтуге ниетті

«Kazakh Invest» және Люксембургтің сауда палатасы экономикалық күн тәртібін кеңейтуге ниетті

ЛЮКСЕМБУРГ, 2019 жылғы 21 ақпан – «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының Люксембург елімен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі менеджері Айнур Тумышева Люксембургтің сауда палатасы халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Жанно Ерпелдингпен кездесті.

А.Тумышева люксембургтік әріптесіне Қазақстандағы бизнесті жүргізудің кең мүмкіндігі туралы айтып өтті, соның ішінде агроөнеркәсібі кешені, мұнай-газхимия, тау-кен-металлургия кешендері, машина жасау мен инфрақұрылым секілді салалар туралы хабардар етті.

Ұлттық компания өкілі «Kazakh Invest» алдында компаниялар арасында тікелей байланыстар орнату, өңірлерге іскерлік делегациялар жіберу, кәсіпкерлерге тиісті ақпарат беру және оларға мемлекеттік қызмет көрсету секілді міндеттері туралы әңгімеледі.

Ж.Ерпелдинг екі ел арасындағы тұрақты саяси диалог арқасында қалыптасқан ынтымақтастық туралы айтып өтті. Ол біздің мемлекеттеріміз Батыс пен Шығыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы көлік жолдары қиылысуында тұрған стратегиялық мәнге ие мемлекеттер екенін атап өтті. Герцогтік әлемдік бизнес дамыту хабтарының бірі болып табылады. Осында ірі халықаралық компаниялар мен банктердің бас офистері жұмыс істейді.

Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Герцогтік ұлттық павильоны ашылуы салтанатына қатысуы үшін Ксавье Беттельдің 2017 жылы Қазақстанға жасаған сапарын жоғары бағалады. Ол кезде делегация құрамына Люксембургтің ірі компаниялары өкілдері кірді, олар үшін Алматы қаласы әкімшілігі мен Люксембург сауда палатасы арнайы бизнес-форум ұйымдастырған болатын.

Люксембург өкілі сонымен бірге Қазақстан мен Люксембургтің Құрметті консулдықтар институты маңыздылығын атады, өйткені олар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар орнатуына айтарлықтай үлес қосуда.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық пен байланыстардың келешегі мол бағыттары ретінде банк-қаржы секторы, ғарыш өнеркәсібі, ақпараттық және цифрландыру технологиялары (дата орталығы, интернет қауіпсіздігі), көлік және логистикалық қызметтер аталды.

Кездесу қорытындысы бойынша «Kazakh Invest» және Люксембург сауда палатасы өкілдері экономикалық перспективалық жобалармен жұмыс істеу, 2020 жылы Қазақстанға болатын люксембургтік іскерлік миссиясы сапары аясында экономикалық күн тәртібін толықтыруы мақсатында қажетті ақпарат және байланыстармен алмасуы туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Ескертпе: Люксембург сауда палатасы «Luxembourg for Business» және «Luxembourg for Finance» агенттіктерінің құрылтайшы мүшесі ретінде экономикалық ілгерілету бойынша миссияларын ұйымдастыруы мен кәсіби консультацияларын беру жолымен шетелдік нарықтарда компанияларға қолдау көрсетеді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге