Баспасөз релиздері

«KAZAKH INVEST» және Қостанай облысының әкімдігі әріптестік туралы меморандумға қол қойды

«KAZAKH INVEST»  және Қостанай облысының әкімдігі әріптестік туралы меморандумға қол қойды

Бүгін Астана қ. «Kazakh Invest» Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов, аймақтың инвестициялық тартымдылығын жақсарту мақсатында әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

«Қостанай облысында инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалынған және «Kazakh Invest» барлық сұрақтар бойынша қолдау көрсетеді. Қазірдің өзінде аймақтық жобалар бойынша нақты шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізу жайындағы келісімдерге қол жеткізілген. Және жалпы, жылдың басынан бастап «Kazakh Invest» өкілдерінің, инвестиция салу үшін неғұрлым тартымды 11 елдің ірі компанияларымен келіссөздер жүргізгенін атап кету қажет. Біз 60 астам жаңа инвесторларды анықтадық, және енді бұл жобаларды орналастыру, локалдандыру үшін облыс әкімдіктерімен белсенді жұмысты бастаймыз», деп атап өтті «Kazakh Invest» Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев.

Меморандумға сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі шикізаттық базаның, жер ресурстарының, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу және т.б. тәрізді критерийлерді ескере отырып инвестиция салуды талап ететін «игерілмеген» жобалар тізбесін жасайды. «Kazakh Invest» өз кезегінде «игерілмеген жобаларды» жүзеге асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздеумен және тартумен айналысатын болады.

Тараптар инвесторлардың өтініштерін жылдам қарастыру, оларға қолдау көрсету және «бір терезе» принципі бойынша қызметтер көрсету, инвестициялық жобаларға бірлескен мониторинг жүргізе және «Kazakh Invest» әзірлеген IRM («Investors Relationship Management») ақпараттық-мониторингтік жүйесіне келіп түсетін инвесторлардың сұрақтарын шешу жайында келісімге келді.

Астанадағы жұмыс мәжілісі барысында сондай-ақ шетелдік инвесторлар қатысатын жобаларды жандандыру қарастырылды. Аталмыш кезеңдегі аймақтың инвестициялық жобалары тізбесі жалпы сомасы 146,1 млрд. теңге болатын 21 инвестициялық жобадан тұрады, олардың ішінде 80% астамы шетелдік инвестициялар.

«Біз Қостанай облысы аумағында ірі іргелі жобаларды жүзеге асыру үшін «KazakhInvest» бірге ынтымақтаса жұмыс атқарамыз. Қазіргі таңда өңірде 400 га Индустриалдық аймақтың құрылысы салынуда. Ең алғашқылардың бірі болып инвестициясының жалпы көлемі 1,1 млрд. АҚШ долл. құрайтын «СМС» қытай компаниясы және «Аллюр Компаниялар Тобы» автомобиль кластерін дамыту бойынша жобасы орналасатын болады. Бұл туралы келісімге Елбасымыздың жуырдағы Қытайға сапары барысында қол жеткізілді», деп атап өтті Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов. 

Атап кететіні, Қостанай облысының әкімдігі өңірдің инвестициялық жобалары мен аумақтары, сондай-ақ қол жетімді инфрақұрылымның және пайдалы қазбалардың барлығы бойынша ақпараттан тұратын облыстың интерактивті инвестициялық картасын енгізген. Картадағы барлық ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі ұсынылған сайтта қол жетімді: www.map.investinkostanay.kz. Өңірде қолдау көрсетуге және әлеуетті инвесторлардың өңірдегі проблемалық сұрақтарын және жүйелік кедергілерді қарастыруға арналған Инвесторларды тарту бойынша Кеңес қызмет атқарады.

Анықтама үшін: Жуырда Қостанай облысында бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Ірі жобалардың бірі, жалпы құны 81,4 млрд. теңгені құрайтын дән және май дақылдарын терең өңдеу бойынша ауыл шаруашылық хабын құру болып табылады. Қытайлық инвесторлардың қатысуымен жобаның бастамасын көтерген «Kazmeal» (Казмил) ЖШС болып табылады. Жобалық қуаттылығы 600 мың тонна бидайды (оның ішінде, 100 мың тонна ұн, 100 мың тонна глютен және 350 мың тонна кеспе өндіру), 120 мың тонна май өнімдерін өңдеуге, 1 млн. тоннаға дейін қоспа жем өндіруге есептелінген.

Сонымен қатар, Елбасының сапары шеңберінде Қостанай облысындағы машина құрастыру саласын дамыту бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылды. «Аллюр Компаниялар Тобы» АҚ, қытайлық «China National Machinery Importand Export, Co» (СМС) компаниясы және «Бәйтерек» холдингі арасында Жол картасына қол қойылды. Аталмыш жоба шеңберінде инвестициялардың жалпы көлемі 1,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын толыққанды автомобиль кластерін (автобустар, жүк көліктері, электромобильдер) құру жоспарлануда. Бұдан бөлек, «Агромаш Холдинг KZ» АҚ және «YTO» арасында Қазақстанда тракторларды жинақтау өндірісін ұйымдастыру бойынша әріптестік туралы меморандум жасалынды. «YTO» компаниясы – бұл қытайлық трактор техникасының ең ірі өндірушісі. Бұдан әрі жобаны жүзеге асыру бойынша жол картасына қол қою жоспарлануда.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге