Баспасөз релиздері

Әлемнің ондығындағы испан компаниясы Қазақстанның жаңартылмалы энергия нарығына кіреді

Әлемнің ондығындағы испан компаниясы Қазақстанның жаңартылмалы энергия нарығына кіреді

Қазақстандық Күн энергетикасы қауымдастығы Мадридтегі роуд-шоуда Испанияның Risen Energy Spain L.U компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Компания «Risen Energy Co., Ltd» еншілес компаниясы - әлемдегі күн энергетикасы саласының ірі өндірушілерінің бірі. Risen Energy Spain S.L.U қатысуымен Еуропа, Азия, Латын Америкасы, Австралия және Африка елдерінде жобалар іске асырылды.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, испан компаниясы жаңартылмалы энергия саласындағы үздік тәжірибе мен білім алмасуға дайын. Өз кезегінде қазақстандық тарап испан инвесторларына Қазақстандағы жобаларды іске асыруға көмектеседі.

Атап айтқанда, форум барысында «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы инвесторларға мемлекеттің инвестициялық мүмкіндіктерін және мемлекеттік қолдау құралдары туралы толықтай мәлімдеді. «Kazakh Invest» шетелдік және республика өңірлерінде «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобаларды идеядан іске асыруға дейін және пост-инвестициялық кезеңде қолдау көрсету бойынша қызметтерін ұсынады », - деп хабарлады «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ өкілдері.

19 наурыз мен 20 наурыз аралығында Мадридте қазақстан-испан роуд-шоу өтті. Іс-шараны Испания Корольдігіндегі Қазақстан Елшілігі, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ, Испанияның сауда палатасының қолдауымен ұйымдастырды. Қазақстан делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев басқарды, жалпы алғанда роуд-шоуға 100-ге жуық компания қатысты.

2018 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 42 испан кәсіпорын жұмыс істейді. 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан мен Испания арасындағы сыртқы сауда айналымы 2 миллиард АҚШ доллар құрады. Сол кезеңде Қазақстаннан Испанияға экспорттау 1,7 миллиард АҚШ долларын, ал импорт 179,4 миллион АҚШ долларын құрады.

 

   

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге