Баспасөз релиздері

Иордандық бизнесмендер Қазақстанға инвестиция салу мүмкін

Иордандық бизнесмендер Қазақстанға инвестиция салу мүмкін

Қазақстандық делегация Хашимит Корольдігіне ресми сапары кезінде Иорданияның бизнес өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Делегация құрамына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Хайров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев кірді.

Форум қатысушыларына Қазақстандағы бизнес жүргізу мүмкіндіктер туралы толық ақпарат, шетелдік инвестицияларды тарту жағдайлары, мемлекеттік қолдау және бәсекелестік артықшылықтары ұсынылды. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев Қазақстандағы инвестициялық ахуал туралы және елдегі бизнес-жобаларды іске асыру перспективалары туралы айтып, бірқатар басым инвестициялық жобалар туралы хабарлады және үнді компанияларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды.

Өз кезегінде, Иордания Хашимит Корольдігінің кәсіпкерлері тау-кен өнеркәсібі, күн және жел электр станция жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстанда IT және қаржы саласына қызығушылық танытты. Сондай-ақ, кәсіпкерлер 17 мамырда Нұр-Султан қаласында өтетін Қазақстандағы негізгі инвестициялық іс-шараға - Үшінші Жыл сайынғы Қазақстандық Жаһандық инвестициялық дөңгелек үстелге келу мүмкіндігі туралы хабарлады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге