Баспасөз релиздері

Қазақстанның инвестициялық әлеуеті “Manufacturer’s forum” аясында таныстырылд

Қазақстанның инвестициялық әлеуеті “Manufacturer’s forum” аясында таныстырылд

“Manufacturer’s forum” қатысушылардың айтуынша Қазақстан бизнесті дамыту үшін үлкен әлеуетке ие. 2018 жылғы статистикалық және қаржылық көрсеткіштердің нәтижелері өңірлерде өндіріс пен сауда дамыту үшін жеткілікті мүмкіндіктер бар екенін көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстан нарығы Ресей Федерациясына және Қытай Халық Республикасына жақын орналасқанына байланысты, неміс компаниялары оған үлкен қызығушылықпен қарайды.

Франкфуртте өткен форум әлемдік қауымдастық сарапшыларын, жетекші неміс компанияларының және рейтингтік компаниялардың өкілдерін біріктірді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан бірыңғай келіссөзші ретінде KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы неміс өндірушілеріне Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ұсынды. Форум барысында Corteco тәуелсіз автокөлік бөлшектері нарығының жетекші жеткізушімен, Drees&Sommer және Hystar-Yale Group компанияларымен екі жақты кездесулер өткізілді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге