Баспасөз релиздері

Жаңартылатын энергия көздері саласындағы инвестициялық жобалар астанада өткен «Hard talk» іс-шарасында талқыланды

Жаңартылатын энергия көздері саласындағы инвестициялық жобалар астанада өткен «Hard talk» іс-шарасында талқыланды

Астанада «HardTalk» іс-шарасының өтуі барысында «Kazakh Invest» компаниясының Басқарушы директоры Жандос Оразалиев жаңартылатын энергия көздері саласындағы шетелдік капиталдың қатысуымен іске асырылатын жобалар туралы айтып берді.

ҚР Энергетика министрлігі БҰҰ Еуропа Экономикалық Комиссиясы, USAID және KAZENERGY  Ассоциациясымен бірлестікте ұйымдастырған іс-шарада елдің жаңартылатын энергия көздері саласындағы әлеуетін іске асыру әдістері, сонымен қатар жаңартылатын энергетика аукциондарының тұрақты жүйесін құру  талқыланды.

«KazakhInvest» компаниясының басқарушы директоры инвестициялық қызметті қолдаудың мемлекеттік шаралары туралы, оның ішінде инвестициялық жобалар үшін жасалған жеңілдіктер туралы толық айтып өтті. Ж. Оразалиевтің берген ақпараты бойынша қазіргі уақытта жаңартылатын энергия көздері саласындағы  жалпы сомасы 2,4 млрд теңге құрайтын 18 инвестициялық жоба «KazakhInvest» қолдауымен іске асырылатын жобалар тізбесіне енген.

«HardTalk»  семинары шеңберінде «KazakhInvest» тарапынан Shell, HevelSolar (Ресей), AcwaPower (Сауд Арабиясы), MapnaGroup (Иран), HeliosPhotovoltaics (Малайзия), ENI (Италия), AccessInfraCentralAsia (U.A.E.), NPCECI (Қытай) сияқты компаниялармен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге