Баспасөз релиздері

HYDROCHINA корпорациясы Алматы облысында жел электр станциясының құрылысы инвестициялық жобаны іске асыруға ниетті

HYDROCHINA корпорациясы Алматы облысында жел электр станциясының құрылысы инвестициялық жобаны іске асыруға ниетті

Жобаны іске асыру перспективалары «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Бірімжанның HYDROCHINA Corporation, POWERCHINA CHENGDU ENGINEERING CORPORATION және ТОО «ЭНЕРГИЯ СЕМИРЕЧЬЯ» ЖШС өкілдерімен кездесу барысында талқылады. Тараптар «Алматы облысындағы Шелек дәлізінде қуаттылығы 60 МВт, 300 МВт-қа дейін кеңейту мүмкіндігімен жел электр станциясын салу» жобасының шеңберінде ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Марат Бірімжан осы жобаның Қазақстандағы «жасыл» энергетика әлеуетін дамыту үшін маңыздылығын атап өтті. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жобаны жүзеге асыруда сервистік қолдау көрсетуге, атап айтқанда, инвестициялық келісімшарт жасауға, жер учаскесін бөлуге, визалық қолдауды ұйымдастыру тәртібін түсіндіруге дайын.

Бұл жоба «Бір белдеу - бір жол» бағдарламасының стратегиясы мен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасына сәйкес келеді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық жобаны уақытында жүзеге асыру үшін одан әрі ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты.

Ақпараттық ескертпе:

HYDROCHINA Corporation - бұл Қытайдағы және шетелдегі гидроэнергетика, су ресурстарын дамыту және жаңартылатын энергияны дамыту саласындағы техникалық қызметтердің толық спектрін ұсынатын ең ірі қытай компаниясы.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге