Баспасөз релиздері

Стамбулда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Стамбулда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

25 қыркүйекте Стамбул қаласында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған бизнес-семинар болды. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және   Стамбулдық сауда палатасымен ұйымдастырылған іс-шарада 60 түркиялық компаниялар қатысты. Семинардың қорытындысы бойынша «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдері қазақстандық инвестициялық жобалардың тизерлерін оның құрамына 200-ден артық жетекші компаниялар кіретін өте ірі түркиялық сауда палатасына тапсырды.

ҚР-ның инвестициялық ахуалымен және сыртқы экономикалық саясатымен таныстырып, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Исатаев Түркия дәстүрлі Қазақстанның сауда серіктестерінің ондығына кіреді деп атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақстанның шетелдік инвесторлармен инвестициялық ынтымақтастығы қарқынды дамуда. Соңғы 12 жылда Қазақстан 2,4 миллиард АҚШ доллары мөлшеріндегі тура шетелдік инвестициялар тартты, сол кезде қазастандықтар түркиялық экономикаға 1 миллиард АҚШ долларын инвестициялады.

Семинар қатысушыларына Қазақстанда бизнес жүргізу мүмкіндіктері, заңнамалық қолдау және инвесторлар үшін жасалған бәсекелестік артықшылықтар, сондай-ақ Қазақстанның ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы толық ақпарат ұсынды. Түркиялық бизнес ортаның өкілдері өз кезегінде, ҚР аумағында бизнес жүргізу тәжірибесі туралы баяндады және елдің инвестициялық ахуалы туралы оң пікірлер айтты.

Түркиялық бизнесмендер іс-шарада жоғары қызығушылық танытты. Жеке алғанда, семинардың қорытындысы бойынша экономиканың жеке жетекші салалары бойынша тура шетелдік инвестицияларды тартуға қатысты бірқатар мәселелер тапсырылды.

Қатысушылардың пікірі бойынша өткен семинар Қазақстан мен Түркияның арасында іскерлік қарым-қатнасты нығайту, сондай-ақ екі елдің бизнес-қоғамдастықтарының арасында ынтымақтастықты реттеу келешектерін талқылау үшін тиімді алаң болды.

Стамбулдық сауда палатасының (ITO) тіркелген мүшелігінде 350 000 адам бар, дүниежүзінің ең ірі сауда-өнеркәсіптік палаталарының бірі болып табылады. ITO негізгі қызметі бизнестің құрылымдық және өзекті проблемларының шешімі, Түркияның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін дамыту болып табылады, шетелде жаңа нарықтарды құру бойынша жұмыс жүргізеді, бизнесті дамытуға кедергілерді анықтайды және оларды жою үшін шаралар қолданады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге