Баспасөз релиздері

Шетелдік инвестициялар Қызылорда облысында 2,5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді

Шетелдік инвестициялар Қызылорда облысында 2,5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді

Қызылорда облысында «Kazakh Invest» қолдауымен қазіргі уақытта инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 986 млн. АҚШ долларын құрайтын 7 ірі жоба іске асырылуда. Бұл – облыста қосымша 2,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, деп атап өтті Қызылорда қаласындағы Инвесторлар тарту және инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі аймақтық кеңес отырысының барысында «Kazakh Invest» басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев. 

Отырысқа Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының басшылығы, өңірдің бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Отырыста Кеңес мүшелері ағымдағы инвестициялық жобалардың, атап айтқанда «Компания Гежуба Шиели цемент» ЖШС-нің жылына қуаты 1 млн. тоннаны құрайтын цемент зауытын, «Юлдизлар Холдинг ССС» керамикалық бұйымдар шығару зауытын салу жөніндегі жобалардың  іске асырылуын талқылады.

«Жаңа жобаларға инвестициялар тарту үшін Қызылорда облысы әкімдігімен бірге «Үлкен Төрттік» кеңесшілерінің қатысуымен әлеуетті «тауашаларды» талдау жөніндегі жұмыс алдын ала жүргізіліп, инвесторларды тартуға арналған нақты жобалар анықталды. Оның қорытындысы бойынша, стратегиялық инвесторларды белсенді түрде тарту және халықаралық стандарттарға сәйкес «шегелеу» қажет  болатын 10-нан астам ірі жоба анықталды», - деп атап өтті С.Тұяқбаев.

Аймақтық кеңес отырысының барысында АӨК, ТМК, МЖӘ салаларындағы әлеуетті жобалар белгіленді. 

Қызылорда облысының әкімдігінде аталып өткеніндей, инвесторлар үшін жайлы жағдайлар жасаудың арқасында ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында Қызылорда облысының негізгі капиталына шамамен 66 млрд.теңге инвестиция тартылды.

«Инвесторлардың жайлылығы үшін облыста кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы жұмыс істейді, онда барлық қызметтерді бір жерде алу мүмкіндігіне қол жеткізуге болады. Аймаққа «Зәкірлі инвесторларды» тарту мақсатында 2018 жылғы қаңтар-мамыр айларында 11 роуд-шоу ұйымдастырылды, олардың қорытындысы бойынша бүгінгі таңда шетелдік инвесторлармен 3 меморандумға қол қойылды», - деп атап өтті Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.

Аймақтық кеңес отырысында сондай-ақ «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйеелдеу» жобасының таныстырылымы болып өтті. 

Анықтамалық ретінде: 2018 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 15,4%-ға ұлғая отырып, 65,9 млрд. теңгені құрады. 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге