Баспасөз релиздері

HKC Corporation Limited компаниясының өкілдері Қостанайдың индустриалдық аймағына барды

HKC Corporation Limited компаниясының өкілдері Қостанайдың индустриалдық аймағына барды

HKC CorporationLimited (ҚХР) компаниясының акционерлері «Kazakh Invest» қолдауымен  бүгін Қостанайдың индустриалдық аймағына барды, акционерлер сонымен қатар сол аймақта Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесті.

HKC компаниясы мониторлар мен телевизор шығару нарығындағы компаниялар бестігіне кіреді. Қостанайда олар жинақтау зауытын құрғылары келеді. Бастапқы кезеңде жоспарланатын инвестициялар көлемі 20 млн. АҚШ долларымен бағаланады, зауыттың жоспарланып отырған  қуаты – жылына 3 млн. бірлік.

«Қостанайдың Ресейге, ТМД –ның басқа елдеріне де жақын орналасуы біз үшін артықшылықты болып табылады. Біздің аталған жобаны іске асыру бойынша жоспарларымыз үлкен және біз алдымен зерделеп, сосын барып іске асыруға кіріспекпіз, - деп мәлімдеді компанияның вице-президенті Ли Джин. -  Біздің қазіргі басты мақсатымыз - әлемдік деңгейге шығу. Біздің жинақтау зауытымыз Голландияда бар, онда жылына 2 млн. телевизор шығарылады. ТМД-да біз жылына 3 млн. телевизор шығаратын зауыт салуға ниеттіміз».

Сонымен қатар, қытайлық инвесторлардың айтуы бойынша, жоба 500 жұмыс орнын шығаруды көздейді. Болашақ кәсіпорын қызметкерлері жергілікті халық арасынан алынатын болады. Бұдан басқа, HKC CorporationLimited өңірде колледж студенттерін дуалдық оқыту бағдарламасына қатыспақ.

Облыс әкімі А. Мұхамбетов Қостанайда телевизор шығаратын зауыт салу идеясын қолдады және ары қарайғы өзара пайдалы ынтымақтастыққа сенім білдірді. Ол Қостанай облысында ҚХР компанияларымен бірқатар бірлескен жобалардың іске асырылып та жатқандығын еске салды. Мысалға, облыста автомобиль шығару жобасы, сол сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін кешенді өңдеу жобасы іске асырылуда.

«Бүгінде инвесторлар үшін біз индустриалдық аймақтың жер аумағын ұсынамыз. 11 жобаны осы жерде іске асырып та  жатырмыз. Ең бастысы, егер Ресеймен салыстыратын болсақ, корпоративтік салық бойынша біздердің мөлшерлемелеріміз бірдей - 20%, ал ҚҚС мөлшерлемесі – бізде Ресейге қарағанда 6%-ға төменірек. Оларда - 18, бізде- 12, - деді А. Мұхамбетов.- Сіздердің компанияларыңызбен жұмыс істеуге біз дайынбыз. Компанияларыңыздың негізін құрайтын электроника Қазақстанда бос науаша. Біз негізінен мұндай техниканы - шамамен 90% импортпен аламыз. Сіздерің жобаларыңызды іске асырсақ, техникамен тек бүкіл елімізді ғана емес, Ресейді де қамтамасыз етуге болады. Біз өзара пайдалы ынтымақтастыққа әзірміз және жан-жақты қолдау көрсетуге кепілдік береміз».

Қостанайдың индустриалдық аймағына келетін болсақ, бүгінгі күні ол негізінен дайын: инженерлік желілер жүргізілген, теміржол тұйығы, автомобиль жолдары салынуда. Индустриалдық аймақты прокаттармен (зауыттармен) толтыру жұмысы қатар жүргізілуде.

«Бүгінде бұл жерде тракторлар шығаратын зауыт пен құрылыс материалдарын шығаратын зауыт салынуда, сонымен қатар қытайлық тараппен кейіннен Қытайға экспортталатын бидайды терең өңдеу жобасы іске асырылуда. НКС компаниясы телевизорлар мен компьютерлер шығаруды жоспарлап отыр. Бірінші кезеңде компания 20 миллионов доллар инвестициялауды жоспарлайды. Мен таяудағы уақыттарда бұл сұрақ шешіледі және, мүмкін, 2019 жылы зауытты іске қосатын боламыз», - деп қорытындылады кездесу нәтижелері бойынша Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

Айта кетелік, Қостанайға HKC CorporationLimited компаниясы  облыс әкімінің орынбасары М. Мырзалиев бастаған делегацияның ҚХР, Бейжін қаласына 2018 ж. шілдедегі сапары барысында Қостанай облысы әкімдігінің шақыруы бойынша келді. 

Кездесу қорытындылары бойынша, тараптар жобаның жұмыс тобын құруға және оны іске асырудың жол картасын әзірлеуге келісті. 

Анықтама үшін: HKC CorporationLimited компаниясы  1997 жылы құрылған. Бастапқы қызметі - компьютерлер үшін мониторлар шығару. Озық технологияларды пайдаланып, Қытай нарығында НКС тез арада жетекші дисплей шығарушыға айналды. 2003 жылы HKC 1-ден 60 дюймге дейінгі сұйық кристалды  дисплейлердің толық спектрін, ЖК-мониторлар мен ЖК-телевизорларды қоса қамтып, ЖК-дисплейі аспаптарының толық жиынтығын, пластикалық инъекциясы мен жарықтандырылуын және т.б. кеңейтті. 2006 жылы HKC компаниясының жалпы сату көлемі  500 млн.АҚШ  долларына дейін өсті, экспорт шамамен 40% құрады. 2007 жылы HKC Шэньчжэнде жаңа индустриалдық парк құрылысын бастады және Ресей мен Үндістанда филиалдарын құрды.Компания бүкіл әлем бойынша көптеген клиенттермен ұзақмерзімді және стратегиялық қарым-қатынастар орнатты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге