Баспасөз релиздері

«MBVA» Үнді қауымдастығы «KAZAKH INVEST» ҰК-ме ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырды

«MBVA» Үнді  қауымдастығы «KAZAKH INVEST» ҰК-ме ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырды

27 қыркүйекте Астана қаласында «MBVA» үнді қауымдастығымен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар құрылыс саласында әрі қарай серіктестік туралы сөз қозғады.

Диалог барысында «MBVA» өкілдері 2001 жылы Шри.С.Р.Кулкарни қалаған қауымдастық туралы айтты. Бұл мүшелеріне кеңейтілген көмек жүйесін жасаумен, Пуна қаласында және жалпы Үндістандағы саланың даму мәселелерін шешумен айналысатын маратх құрылысшыларының консорциумы.

Сондай-ақ, кездесуге ӘКК «Астана», «Технополис» АҚ өкілдері, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның басқарушы директоры Жандос Нұрланов, Астана қаласы бойынша аймақтық директор Әлжан Бралиев қатысты.

ӘКК «Астана» Қауымдастық мүшелеріне классикалық молл емес, жабық жаяужол зонасы ретінде салынатын Calatrava жобасын ұсынды. Мұнда төселген көше элементтері, ашық аспан, көше акустикасының сезімі болады. Ол адамдарға күніне 24 сағат ашық болады және қаланың инфрақұрылымының бөлігі боп қалады. Сонымен қатар, кездесу барысында Астана қаласында тұрғын-үй құрылсы және «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық зонасының мүмкіндіктері талқыланды.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның басқарушы директоры Жандос Нұрланов Компанияның қызметі, инвесторларға жасалған артықшылықтар туралы айтып, үнді қауымдастығына барынша көмек көрсету даярлығын білдірді.         

Анықтама: «MBVA» қауымдастығы — үнді қауымдастығы, 3000-нан астам мүшелері бар. Пуна қаласының барлық беделді құрылысшылары ұйым мүшелері болып табылады. Қауымдастық БАӘ-де жобалар (Bungalow Scheme in Jumeirah), сондай-ақ АВСТРАЛИЯДА көптеген жобалар жүзеге асырды.

Жеке мүшелердің жылдық айналымы 20-дан 200-ге дейін АҚШ долларына тең. Қауымдастық мүшелерінің ұжымдық айналымы 2 млрд.АҚШ долларына жуық.

 

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге