Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST компаниясының басшысы Павлодар облысының инвестициялық әлеуеті және іске асырылып жатқан жобаларымен танысты

KAZAKH INVEST компаниясының басшысы Павлодар облысының инвестициялық әлеуеті және іске асырылып жатқан жобаларымен танысты

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев және ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Бауыржан Сартбаев жергілікті тау-кең металлургия кешені саласындағы бизнес өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

«ESCA» ЖШС компаниясының құрылтайшы Николай Арсютинмен кездесу барысында Бауыржан Сартбаев кәсіпкердің бастамасы - қуаттылығы жылына 60 мың тонна ферросиликоалюминий шығаратын зауыты жобасымен танысты.

Бизнесменнің айтуынша, бүгінгі күні жобаны іске асыру үшін компанияда керекті жер, еңбек және шикізат ресурстары бар: «Біз үшін қаржыландыру мәселесі шешілмеген болып тұр. Қазіргі таңда, қаржы және жабдықтармен қамтамасыз ете алатын бірнеше үнді инвесторлармен келіссөздер жүргізіп отырмыз. Жобаның бірінші кезегін іске қосу үшін бізге $25 млн қажет, ал жобаның жалпы соммасы $80 млн-ға жетеді. Қаржыны жақын арада тартқан жағдайда, бірінші өнім топтамасын келесі жылда өндіре аламыз».

Өз кезегінде KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев инвестиция тарту бойынша белсенді кезеңіне өту үшін, ұлттық компания жобаны әлемдік стандарттарға сай «қаптап», бизнес жобаны және қаржы моделін жасауға жәрдем береді. 

«Аnsa Silicon» ЖШС бас директоры Бхакта Кишорэ Паниграхимен келіссөздер аясында Бауыржан Сартбаев қуаттылығы жылына 135 мың тонна болатын техникалық кремний шығару зауыты жобасының іске асырылу барысымен танысты.

«Бізге KAZAKH INVEST және жергілікті билік тарапынан керекті қоладау толықтай көрсетіліп жатыр. Қазіргі таңда зауыт жобалық-сметалық құжаттама дайындау кезеңінде тұр. Жоспар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын келесі жылы бастаймыз. Ал жобаның бірінші кезегін, құрылыс басталған сәттен, 24 айдан кейін іске қосамыз», - деді Бхакта Кишорэ Паниграхи.

Бауыржан Сартбаевтың айтуынша, бұл жобаны іске асыру аймақ және еліміз үшін айтарлықтай әлеуметтік және экономикалық әсерін тигізеді: «Жобаның бірінші кезегі іске қосылғанда 375 жұмыс орын ашылмақ. Ал толық іске асырылғаннан кейін жалпы 900-ға жуық тұрақты жұмыс орын құру жоспарда бар. Еліміздің экономикасына құйылатын инвестициялардың жалпы көлемі $120 млн-ға жетеді. Мемлекет тарапынан инвесторлар заттай гранттарға, кедеңдік және салықтық жеңілдіктерге иеленіп, «БЖК-2020» бағдарламасы аясында қажетті инфрақұрылым тартылатын болады».

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге