Баспасөз релиздері

Елбасы түркиялық компанияларды Қазақстанға инвестициялауға шақырды

Елбасы түркиялық компанияларды Қазақстанға инвестициялауға шақырды

Бүгін Анкарада Елбасының Түркияның «бизнес капитандарымен» кездесуінде экономиканың негізгі түйінін қалыптастыратын және Қазақстанға инвестициялауда қызығушылық білдіретін ең ірі түркия компанияларының басшылары қатысты. «Kazakh Invest» барлық осы компаниялармен жобаларды белсенді пысықтайды. 

Түркия бизнесі өкілдерінің алдында сөз сөйлеп, Қазақстан Президенті екі елдің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының оң серпінін атап өтті.

«Қазақстан мен Түркияның арасындағы қарым-қатынас өзара достастығында, бауырластығы мен сенімдігінде құралды. Түркия Қазақстанның сауда серіктестерінің бірінші ондығына кіреді. Біздің елдердің арасындағы тауар айналымы 2017 жылы  27%-ға өсті және шамамен 2 миллиард АҚШ долларын құрады», - деді Қазақстан Президенті деп akorda.kz атап өтті.

Сонымен қатар, Елбасы шетелдік инвесторлардың Агроөнеркәсіптік кешенде инновациялық жобаларды жекешелендіру және іске асыру бағдарламасында қатысу мүмкіндігін атап өтті. 

Бұдан басқа, Елбасы түркия бизнесмендерін Назарбаев Университеті мен Инновациялық технологиялар паркінің қорында құрылған инновациялық кластерлердің жұмысында қатысуға, сондай-ақ туристтік саладағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың келешегін қарауға шақырды. 

«Кеше қазақстандық-түркиялық инвестициялық форумның барысында екі елдің бизнес өкілдерінің арасында 1,7 миллиард АҚШ долларына 24 құжатқа қол қойылды. Бұл біздің өзара сеніміміз бен ынтымақтастығымыздың мысалы болып табылады», - деп Елбасы баса айтты.

Қаржылық орталықтың негізгі артықшылықтары туралы айтып, Нұрсултан Назарбаев АХҚО қатысушылары үшін арнаулы салық, валюталық, визалық және еңбек режимдерінің болуын атап өтті. 

Анықтама: Түркия Қазақстанға 1991 жылдан бастап 3 млрд АҚШ долларынан артық инвестиция жасады. Қазақстанда  түркия капиталының қатысуымен шамамен 2000 кәсіпорын жұмыс істейді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге