Баспасөз релиздері

Қазақстанда жыл аяғына дейін халықаралық аккредиттелген геохимиялық зертхана құрылады

Қазақстанда жыл аяғына дейін халықаралық аккредиттелген геохимиялық зертхана құрылады

Бұл жөнінде KGIR-2019 аясында өткен үкіметтің «ТМК реформасы: 1 жылдан соң» брифингі барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев айтып берді.

Қазақстанда кен орындарының геологиялық қорларының сапалық және сандық сипаттамасы туралы халықаралық деңгейде мойындалатын деректерді жедел алуға мүмкіндік беретін өз базасының жоқ болуы ықтимал инвесторлар үшін осы мезетке дейін негізгі мәселелердің бірі болып келді. Растау алу үшін шетелдік орталықтарға жүгінуге қажет болды, бұл уақыт және қаржы ресурстарын жоғалтуға әкеледі. Елде халықаралық аккредиттелген геохимиялық зертхана құру жолымен осы жылдың аяғына дейін бұл мәселе шешілетін болады.

Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келетін озық технологиялар мен зерттеу әдістерін пайдаланып, сынамалардың сапалы геохимиялық зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді, олардың нәтижелерін әлемдік қаржы институттары мойындайтын болады.

«Мәселенің түйіні неде болған еді? Егер қорлардың халықаралық санағын жасағыңыз келсе, сіз халықаралық деңгейге сәйкес келетін зертханалық зерттеулер жасауыңыз керек. Ол үшін аккредиттелген зертхана қажет. Бүкіл әлем сенім білдірген компанияның мөрі керек. Сынамаларды ешқайда алысқа апарып керегі жоқ. Міне осындай зертхананы Қазгеология мен «Тау-кен Самұрық» ұлттық компаниясы бізде жыл аяғына дейін құрмақ. Яғни, сынамаларды ешқайда апарудың қажеті болмайды, талдаулардың барлығын  Қазақстанда жүргізуге болады», - деді Тимур Тоқтабаев ықтимал инвесторларға.

Бүгінгі таңда Қазақстанда халықаралық стандарттарды, жаңа технологияларды енгізуді, сонымен қатар инвесторлар үшін ыңғайлы жағдайлар құруды көздейтін бірізді реформалар жүргізілуде.

Мысалға, вице-министрдің айтуы бойынша, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде жер қойнауын пайдалану деректерінің ұлттық базасын құру бойынша байқау жарияланды. «Деректердің шашыраңқы базаларының барлығын бір жерге жинау жоспарланып отыр. Нәтижесінде лицензияны электрондық үкімет аясында өте оңай рәсімдеуге болады. Толып жатқан құжаттар жинаудың қажеті болмайды, бәрі де e-gov арқылы іске қосылатын болады. Тек шетелдік компаниялар ғана емес, біздің қазақстандықтар да айырмашылықты сезіне алады. Біздің геология және жер қойнауын пайдалану комитеті үшін де бұл инвесторларға геологиялық ақпаратты толық көрсету үшін барлық қорларды жүйелендіру бойынша маңызды мезет», - деп мәлімдеді Тимур Тоқтабаев.

ТМК секторында осыдан бір жыл бұрын өткен реформалармен, соның ішінде австралиялық тәжірибеге негізделген «Жер қойнауы және жер қойнауып пайдалану туралы» жаңа Кодексті қабылдаумен байланысты жер қойнауын пайдалануға лицензия беру жұмысының, сонымен қатар бұрын қолданылған жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар режимінде жұмыс істеген компаниялардың лицензияларға көшуінің басталғандығын атап өтті. «Бізде келісімшарттылық кепілі расталады және де қазір келісімшарттылықтан лицензияларға көшу процедурасы басталды. Яғни, жаңа заңнаманың барлық мүмкіндіктерін алып, оларды жаңа келісімшартқа пайдалану», - деп айтты ол брифингке қатысушыларға.

Вице-министрдің деректері бойынша, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ бүгінде лицензияларға көшуді аяқтауда. «Бұл үкімет үшін мәні зор оқиға. Біз мұны назарда мұқият ұстаудамыз. Бұл ірі келісімшарт, үлкен инвестициялар, көп жұмыс орны және компанияның лицензияға көшуді қалап, ірі бизнестің мұндай көшуге қызығушылығының сөз жоқ бар екендігін растауы себепті, бұл біздің атқарып жатқан бар істеріміз үшін жақсы белгі. Өйткені мұндай компаниялардың саны бізде 600-ден асады, біз олардың бәрін де мүмкіндігінше көшіретін боламыз», - деді Тимур Тоқтабаев. Қазірде лицензия алуға жергілікті ойыншылар (Қазақмыс, ERG) және Freeport, McMoran (АҚШ), Yildizlar (Түркия), IIIuka (Австралия) сияқты әлемдік трансұлттық мұнай компаниялары да қызығушылық танытып отыр. ««Жер қойнауы және жер қойнауып пайдалану туралы» жаңа Кодекстегі өзгерістердің арқасында жер қойнауын пайдаланудың тартымдылығы бойынша Қазақстанның рейтингін жақсарту іске асты. Бүгінгі таңда Қазақстан бірден 49 позицияға көтеріліп, 24-ші орынды иеленді», - деді сессияда Тимур Тоқтабаев.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге