Баспасөз релиздері

Германияның 200-ден астам компаниясы Қазақстанның инвестициялық мүмкіншіліктерімен танысып шықты 

Германияның 200-ден астам компаниясы Қазақстанның инвестициялық мүмкіншіліктерімен танысып шықты 

Ганновер қаласындағы әлемнің ең ірі көрме орталығында HANNOVER MESSE 2018 атты халықаралық өнеркәсіптік технологиялар көрмесі болып өтті. Көрмеде «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының павильоны болды, онда еліміздің инвестициялық мүмкіншіліктері, соның ішінде Қазақстанға инвестициялауға арналған негізгі жобалар таныстырылды.  

Форум аясында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Бірімжан Германияның бизнес қоғамдастығы өкілдерімен екіжақтық кездесулер өткізді, оның барысында инвестициялық климат мәселелері, сондай-ақ Жекешелендіру бағдарламасына қатысу мүмкіндігі талқыланды.

Мысалы, «E.On» және «EDF Energy» компанияларымен кездесу барысында Марат Бірімжан аталған ұйымдардың өкілдеріне ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Қазақстанда ЖЭК жобаларын іске асыру аясында 15 жыл мерзімге электр энергиясын сатып алу бойынша кепілді тарифтерді алуға арналған аукциондар жүйесінің енгізілгені туралы хабарлады.

Инвесторларды аса қызықтыратын жобалар «SAP SE», «ZEISSIG GmbH & CO.», «Bertrand»t, «Kuka», «Cloos» және «LappGroup» компанияларымен жан-жақты талқыланды.

Марат Бірімжан Қазақстандағы индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға арналған сессияның форумы барысында еліміздің инвестициялық тартымдылығы туралы толығырақ айтып берді.

«Қазақстан Үкіметі жаңа жұмыс орындарын құру үшін және экспорт пен салық түсімдерін ұлғайту үшін маңызды төрт саланы анықтады: логистика, тағам өнеркәсібі, химия өнеркәсібі және машина жасау. Мысалы, Қазақстан Қытаймен, Орталық Азиямен және Таяу Шығыспен тығыз байланысқан. Бұл – жеткізу мерзімдерін қысқарту мен бағыттарды әртараптандырудың есебінен пайда алу мүмкіндігін тудырады», - деп атап өтті Марат Бірімжан форумның ашылуы барысында.

Сонымен қатар, форум барысында Марат Бірімжан тауашалы жобалар туралы айтып берді: «Kazakh Invest» Тауашалы жобалар атты бірегей жобалық идеяларды әзірлеуге көмектесуде. Өткен жылы біз 50 жоба дайындап қойдық, олар шетелдік инвесторларға ұсынылды. 2018 жылы ұлттық компания тағы осындай 100 жоба қосуды жоспарлауда. Біз алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз – әлеуетті инвесторлар кейбір жобаларға қызығушылық танытты және келіссөздер басталып жатыр». 

Анықтама: HANNOVER MESSE атты Ганновер жәрмеңкесі – жоғары технологиялар, инновациялар және өнеркәсіптік автоматтандыру бойынша әлемдегі аса ірі көрмелердің бірі, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 6 000-нан астам қатысушы келеді. Жыл сайын Ганновер өнеркәсіптік өнімдерді өндірушілер мен жеткізушілердің кездесетін орнына айналады, осылайша ол тәжірибе алмасу орталығы және жаңа әріптестік қатынастардың көзі мәртебесін иемденді. 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге