Баспасөз релиздері

СҚО-да 550 орындық көпсалалы аурухананың қазығы қағылды

СҚО-да 550 орындық көпсалалы аурухананың қазығы қағылды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде 550 төсек-орынға арналған жаңа заманауи көпсалалы аурухананың капсуласы салды. Жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылады.

Заманауи аурухана кешені МЖӘ бағдарламасы бойынша шетелдік инвестор - «YDA Holding» түрік компаниясының қатысуымен салынады. Құрылыс 2022 жылдың 4 тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр. Нысанның жоспарлы құны 50 млрд. теңгені құрайды. Жобаның іске асырылуы 350-ге жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

«Түрік инвесторымен алғашқы келіссөздер екінші жыл сайынғы жаһандық инвестициялар бойынша дөңгелек үстел алаңында өткізілді. Бір жылдың ішінде компания нысан құрысын бастады. Бұл инвестициялық климаттың және шетелдік инвесторлардың біздің елімізге деген сенімінің жоғарғы бағасын білдіреді. Бұл аурухана медицина саласындағы сапа мен қауіпсіздіктің халықаралық стандарты – JCI жүйесі бойынша салынатын республикадағы екінші медициналық мекеме болады. 

Жаңа аурухана қызмет көрсетудің сапасын, жергілікті мамандардың санатын, сондай-ақ, медициналық туризмнің дамуын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ СҚО бойынша өңірлік өкілдігінің директоры Мұратбек Жабагин.

550 төсек-орынға арналған медициналық мекемеде заманауи емхана, хирургия, сәулелік зерттеулер бөлімшелері, зертхана, сондай-ақ, асхана мен кір жуу орындары қызмет етеді. Бұдан басқа, медициналық кешеннің аумағында санитарлық авиация үшін ұшу алаңы қарастырылған. Сонымен бірге, кешеннің құрамына конференц-зал, қонақ үй және дәрігерлер үшін тұрғын үй құрылысы кіреді.

«Мұндай нысандардың құрылысында біздің тәжірибеміз зор. Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларында осыған ұқсас ауруханалардың құрылысын жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, Түркістанда біз халықаралық әуежай салу бойынша жобасын іске асырып жатырмыз. Барлық жобалар бойынша жалпы инвестиция құны $1,1 млрд құру мүмкін. Менің ойымша, бұл Қазақстандағы бизнес пен мемлекет арасындағы сенімді қатынастардың көрсеткіші», - деп айтты «YDA Holding» компаниясының басқарма төрағасы Арслан Хусейн.

Анықтама:

 YDA Holding компаниясы құрылыс және мердігерлік жұмыстар, әуежайды басқару, тау-металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, сақтандыру және энергетика сияқты салаларда маманданған. Қазіргі уақытта, YDA Holding әлемнің түрлі елдерінде жалпы сомасы 6,4 млрд. долл құрайтын құрылыс-мердігерлік жұмыстарды іске асыруда. МЖӘ шеңберінде Холдинг медициналық мекемелердің құрылысы саласында 4700 төсек-орынға арналған төрт жобаны орындады. YDA Holding жылдық табысы 1,5 млрд.долларға жуық соманы құрайды.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге