Баспасөз релиздері

Американдық ТҰК Қазақстанда селекциялық-гибриттік орталығын салады

Американдық ТҰК Қазақстанда селекциялық-гибриттік орталығын салады

Американдық AGCO трансұлттық компаниясы Павлодар облысында қазақстандық компаниямен серіктестікте заманауи селекциялық-гибриттік орталық, жем зауытын және бордақылау алаңын салады.

Селекциялық-гибриттік орталығының қуаттылығы 1250 мегежін, ал бордақылау алаңы 20 мың бас болады. Жалпы инвестициялардың көлемі шамамен 32 млн АҚШ долларын құрайды.

Жобаны жүзеге асыру мүмкіндігінің критерийлері - жергілікті серіктесті тарту. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаевтың қатысуымен өткен кездесуде еліміздің шошқа етін өндіретін ең ірі компанияны тарту жөнінде ұсыныс енгізілді.

«Бұрын біз осы компаниямен басқа жобаларда жұмыс істедік. Kazakh Invest бізді тағы байланыстыру жөнінде шешім қабылдағаны туралы естігенді қатты қуандым. Егер ынтымақтастық туралы келісімге келсек, тек біз үшін қана емес, барлық қазақстандық шошқа өсірушілер үшін де зор әсер болады. Ең алдымен, американдық әріптестерде Қытаймен байланысы бар. Біз үшін үлкен нарық ашылады. Селекциялық-гибриттік орталықтық ашылуы генетикасы сапалы мегежін өндірісін жүйелейді. Бұл өз кезегінде қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады», - деді «Рубиком» компаниясының басқарушы серіктесі Олег Безверхов.

Сондай-ақ, Kazakh Invest инвесторға мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәлімдеді. Осылайша, «Kazakh Invest» компаниясы Үкіметтің атынан бірыңғай келіссөзші ретінде, идеядан іске асыруға дейін және кейінгі инвестициялық кезеңде қолдау үшін қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етеді.

AGCO корпорациясы әлем бойынша 140-тан астам елде 3000-нан астам тәуелсіз дилерлер мен дистрибьюторлар арқылы таратылатын тракторлар, комбайндар, шөп шапқыштар, бүріккіштер, жемшөп жинау және өңдеуге арналған ауылшаруашылық техникасының жетекші әлемдік өндірушісі болып табылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге