Баспасөз релиздері

«VH GROUP» үнді компаниясы отандық құс өсірушілікке 1 миллиард АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлауда

«VH GROUP» үнді компаниясы отандық құс өсірушілікке 1 миллиард АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлауда

22 қыркүйекте Астана қаласында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Рустам Исатаев «VH GROUP» компаниясының операциялық қызметі бойынша бас менеджері Магдум Муртуза Али Исмаилмен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар құс өсірушілік саласындағы ынтымақтастық туралы сұрақтарды талқыға салды.

Екіжақты кездесу барысында Үндістандағы құс өсірушілік өнімдерінің көшбасшысы - «VH Group» компаниясының өкілдері Қазақстанның жоғары инвестициялық әлеуетін атап өтті. Ынтымақтастықтың болашағын болжай отыра, тараптар отандық құс өсірушілікті дамыту сұрақтарын кешенді шешуге аса назар аударды. Отандық мал жемдейтін өсімдік базасын ет және ет өнімдерін өндіруге қайта түрлендеру, және де жергілікті шаруаларды жеткізушілер ретінде тарту қарастырылды.

Бастапқы деңгейде үнді инвесторы вакциналарды жасаушы зертханасы бар биотехникалық парк құрылысын жоспарлап отыр. ҚР экономикасына жоспарланған инвестициялардың жалпы көлемі 1 миллиард АҚШ долларынан астам.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Рустам Исатаев үнді трансұлттық компаниясының Қазақстанға бизнесті ең негізінен бастауға бел буғаны алғашқы рет екенін атап айтты. «Kazakh Invest» компаниясының басшылығы ведомствоаралық жұмыс тобын құруда және осы жобаның жол картасын жасауға барынша көмегін көрсетуге дайындығын білдірді.            

Анықтамаға: «VH Group» Компаниясы — Әлемнің ондаған елдеріне өнімін экспорттаушы Үндістанның ең ірі құс өсірушілік конгломераты. Бүгінгі таңда компания еншісінде Үндістанның тауық еті нарығының 90% және бройлер нарығының 70%. «VHGroup» танымал амеркандық және еуропалық компанияларының бірқатарымен бірлескен кәсіпорындары мен техникалық ынтымақтастық туралы келісімдері бар.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге