Баспасөз релиздері

ӘМАТ бағасының жылдық өсу индексі соңғы 5 жылдағы ең төменгі көрсеткішке айналды

ӘМАТ бағасының жылдық өсу индексі соңғы 5 жылдағы ең төменгі көрсеткішке айналды

Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша 2023 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды.

Жалпы жылдық инфляция деңгейі бойынша 9,8%-ды құрап, алғаш рет азық-түлік индикаторы азық-түлік емес тауарлар индикаторынан төмен болды. Азық-түлік инфляциясын төмендетудің негізгі қозғаушы күші әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары болды.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, Министрлік инфляция деңгейін 2024 жылы 6-8% деңгейінде ұстап тұру үшін ағымдағы жағдай мен бес жылдық үрдісті ескере отырып, әрбір өңір бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлар бөлінісінде индикативті бөлшек сауда мәндерін есептеді.

«Өңірлер мен тауарлар бөлінісіндегі ӘМАТ-тың индикативті бағасының жобасы 2024 жылы 6-8%-дан аспайтын инфляцияның нысаналы деңгейі негізінде есептелген. Ұсынылатын көрсеткіштер ағымдағы нарықтық конъюктураны, маусымдық факторды және болжамды трендтерді ескереді. Сондай-ақ делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы да жалғастырылатын болады», — деді Айжан Бижанова.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков тұрақтандыру қорларындағы ұн мен нан бағасын тұрақтандыру және көкөніс қорына қатысты жағдайды мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта әкімдіктердің деректері бойынша ӘКК-де 25,7 мың тонна көлемінде ұн қоры бар, оның ішінде тұрақтандыру қорларында – 14,1 мың тонна, айналым схемасы шеңберінде – 11,5 мың тонна. Әкімдіктер мен Азық-түлік корпорациясының меморандумдары аясында өңірлерді жеңілдетілген бидаймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында бекітілген бидай көлемі 64,5 мың тоннаны құрайды, қазірдің өзінде 60,8 мың тонна бидай жөнелтілді», — деді вице-министр.

Оның айтуынша, 2024 жылдың қысқы-көктемгі кезеңіне 174,1 мың тонна (100,6 мың тонна картоп, 25,6 мың тонна пияз, 22,6 мың тонна қырыққабат, 25,1 мың тонна сәбіз) көлемінде көкөніс қоры қалыптастырылған. Бұл көлемдер нарыққа ақпан-сәуір айларында реттеуші әсер ету үшін жеткілікті. 

Вице-министр әкімдерге мамырдан шілдеге дейін көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін ерте жиналатын егінді жеткізуге арналған форвардтық келісім шарттар жасау қажеттігін еске салды.

«Биылғы маусымаралық кезеңді қаржыландыру өткен жылдың 1 тамызынан басталуы тиіс еді. Алайда, өңірлер әлі күнге дейін ерте пісетін көкөністерді жеткізуге форвардтық шарттар ұсынған жоқ», — деп атап өтті Е.Тасжүреков.

Жиынды қорытындылай келе, Серік Жұманғарин өткен жылы қазақстандықтардың инфляциялық күтулері өте жоғары болғанын, бұл үрдіс 2022-2023 жылдардағы инфляцияға әсер еткенін айтты. Өңірлердің үйлесімді жұмысының арқасында бағаның өсуін тежеуге мүмкіндік туды. Тіпті жаңа жылға дейін ел тұрғындары бағаның өсуін байқамады, ал халық үшін инфляцияның негізгі тауар-маркері әрқашан азық-түлік болды. 

«Биыл инфляция дәлізіне 6-8% кіру міндеті тұр. Көкөніс қорларын брондау үшін нақты жоспар құру керек және бұл жұмысты ақпан айының соңында емес, әлдеқайда ертерек бастау қажет. Қажет болған жағдайда жеміс-көкөніс өнімдерін бір өңірден екінші өңірге бірнеше күн ішінде жеткізу мақсатында өңіраралық көлік логистикасының тиімділігін арттыру керек. Өнімсіз делдалдарды анықтау бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейту қажет», — деп қорытындылады С.Жұманғарин.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге