Баспасөз релиздері

Ақтау портынан қазақстандық мұнай экспортының көлемі 50 пайызға артты

Ақтау портынан қазақстандық мұнай экспортының көлемі 50 пайызға артты

«ҚазТрансОйл» АҚ биыл Ақтау портынан Қазақстан мұнайының 3 млн 62 мың тоннасы экспортталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл былтырғы осындай кезеңімен салыстырғанда 1 млн 14 мың тоннаға немесе 50%-ға артық.

«Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемінің артуы Баку портына қарай жөнелтілетін шикізат көлемінің 205 мың тоннадан 1 миллион 238 мың тоннаға дейін ұлғаюымен байланысты, бұл 2022 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6 есе көп. Сонымен қатар, есепті кезеңде Ақтау портынан Махачкала портына қарай 1 млн 824 мың тонна мұнай жөнелтілді», — деп жазды ведомстводан.

2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзербайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады.

Дереккөз: inform.kz

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге