Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 290-бабына сәйкес салықтар бойынша преференциялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.

Салық бойынша преверенциялар турлері :

1) инвестициялық басым жобалар үшін:

  • есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
  • жер салығының ставкаларына 0 коэффициентін қолдану;
  • салық базасына катысты 0 пайыздық мөлшерлеме бойынша мүлік салығын есептеу;

2) инвестициялық жобалар үшін, инвестициялық басым жобаларды есептемегенде, - инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдарды импорттауға қосылған қосымша құн салығынан босату ;

3) арнайы инвестициялық жобалар үшін - арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес босатылуы шикізат және (немесе) материалдарды импорттауға қосылатын қосымша құн салығынан босатылуы.

3. Инвестициялық келісімшартпен салықтар бойынша преференциялардың әрбір түрінің қолданылу мерзімі белгіленеді, бірақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалған оларды қолданудың шекті мерзімінен аспайды.

4. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен инвестициялық келісімшарттың қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда салықтар бойынша преференцияларды қолдану күші жойылады.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАСЫМ ЖОБА

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 712-бабына сәйкес жаңа өндірістерді құру және (немесе) жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту, жаңарту жөніндегі инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым:

1) инвестициялық келісімшартта көрсетілген қызметтің басым түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша Салық кодексінің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымның басымдыққа жатпайтын өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстарына жалпы белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығы салынуға тиіс.

Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым инвестициялық келісімшарт шеңберінде қызметтің басым түрі бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілерінің бөлек салықтық есебін жүргізеді.

Егер жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойыншв инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт ережелерінде өнімді шығарушы тіркелген активтерді кезең-кезеңмен енгізу көзделген жағдайда, онда бөлек салықтық есепке алу өнім шығаратын әрбір тіркелген актив бойынша салықтық есепке алу саясатына сәйкес жүргізіледі.

Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымның осындай жоба бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа да ережелерін қолдануға құқығы жоқ;

2) Салық кодексінің 271-бабы 2-тармағында белгіленген амортизация нормаларын қолдану жолымен инвестициялық басым жоба шеңберінде пайдалануға берілген тіркелген активтер топтарының (бөлімшелер) құндық теңгерімдері бойынша амортизациялық аударымдарды айқындайды, мұндай құндық балансты топтар (бөлімшелер) салық кезеңі соңында айқындалады.

2. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарға осы баптың 1-тармағын қолданудың шекті мерзімі:

1) жаңа өндірістерді құру бойынша:

  • инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады;
  • инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан он жылдан кешіктірілмей аяқталады;

2) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша:

  • инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт шеңберінде өнім шығаратын соңғы тіркелген активті пайдалануға беру жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан басталады;
  • инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт шеңберінде өнім шығаратын соңғы тіркелген активті енгізу жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан үш жылдан кешіктірілмей аяқталады;

3) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта көзделген өнімді шығаратын тіркелген активтерді кезең-кезеңімен енгізу кезінде жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту жөніндегі:

  • инвестициялық келісімшарт шеңберінде өнім шығаратын тіркелген активті пайдалануға беру жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан басталады;
  • инвестициялық келісімшарт шеңберінде пайдалануға берілген өнімді шығаратын тіркелген активті енгізу жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан үш жылдан кешіктірілмей аяқталады.

Шекті мерзім өнім шығаратын және жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта көзделген әрбір тіркелген активке қатысты қолданылады.

3. Жаңа өндірістерді құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті ставкаларына 0 коэффициентін қолданады.

Осы тармақтың бірінші бөлігін қолданудың шекті мерзімі:

1) жаңа өндірістерді құру жөніндегі инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1-күнінен басталады;

2) жаңа өндірістерді құру жөніндегі инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан он жылдан кешіктірілмей аяқталады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге немесе оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға алуға), өзге де негіздерде пайдалануға берілген жағдайларда қолданылмайды.

4. Жаңа өндірістер құру жөніндегі инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген объектілер бойынша мүлік салығын салық базасына 0 процент ставка бойынша есептейді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдары құрамында ескерілетін және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік саласы бойынша заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген активтерге қатысты қолданылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігін қолдану шекті мерзімі:

1) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген айдың 1-күнінен басталады;

2) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдардың құрамында ескерілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан сегіз жылдан кешіктірілмей аяқталады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берген жағдайларда қолданылмайды.

5. Осы баптың ережелері қолданылады, егер жаңа өндірістерді құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарға келесілер қарастырылған болса:

  • Салық кодексінің 302 - бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту;
  • жер салығы ставкаларына 0 коэффициенті;
  • мүлік салығын есептеу кезінде салық базасына 0 пайыз мөлшерлемелері..

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге