Іс-шаралар

Almaty Investment Forum 2021

Almaty Investment Forum 2021

Online

2021 жылдың 2 желтоқсанында онлайн форматта Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған Almaty Investment Forum 2021 өтеді.

Almaty Investment Forum 2021 – кәсіпкерлікті дамыту және қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру, Қазақстанның экономикалық бәсекеге қабілеттілік орталығы ретінде Алматы қаласын дамытудың басым бағыттары мен құралдарын, сондай-ақ агломерация, урбанизация, сандық трансформация және адами капиталдың интеграциясына қатысты мәселелерді талқылауға арналған негізгі инвестициялық форум.

AIF 2013 жылдан бері өткізіліп келеді және мемлекеттік сектор көшбасшыларының, Қазақстан Республикасының және көршілес елдердің орта және ірі бизнес өкілдерінің, инвестиция, инновация және бизнес, инвестициялық қорлар және тікелей инвестиция қорлары саласындағы әлемдік көшбасшыларының кездесуіне арналған эксклюзивті алаң болып табылады. Биылғы жылы іс-шара карантиндік шараларға байланысты онлайн режимінде өтеді, алайда бұл оның қамтылуы мен танымалдылығын шектемейді. 2020 жылы форум 500-ден астам қатысушыны жинады. 

Форумның басты шаралары:

  • Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы қаласының стратегиялық сын-қатері және басымдықтары» тақырыбына сөз сөйлейді;
  • Қала әкімдерімен «Жаңа Жібек жолының Мега қаласы» телекөпірін өткізу;
  • Сарапшылар мен қазақстандық және шетел компанияларының ірі өкілдерінің қатысуымен панельді пікірталастар;
  • Алматы қаласының озық жобалары мен бастамалары ұсынылатын «Жыл жобалары» көрмесі;
  • Бизнес мегатрендтері мен қала бастамалары бойынша сарапшылардың баяндамалары;
  • Меморандумға қол қою рәсімі.

www.aif21.kz ресми сайтында сіз тіркеуден өтіп, Almaty Investment Forum 2021 бағдарламасымен таныса аласыз.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге