Ертен Астанада екінші Kazakhstan Global Investment Roundtable өтеді
2018 жылғы 3 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен екінші Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2018) өтеді.
KGIR-2018-ге 650-ден астам ірі әлемдік компаниялардың және отандық бизнестің, мемлекеттік органдардың өкілдері, әлемдік саясаткерлер, сарапшылар, халықаралық ұйымдардың және дипломатиялық корпус өкілдері қатысады.
Шараның негізгі мақсаты — Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ұсыну, Қазақстанның инвестициялар, экономикалық даму және бәсекеге қабілеттілікті арттыру саласындағы саясатын талқылау.
Инвестицияларды тарту үшін экономиканың мынандай маңызды салалары талқыланады:
- Жекешелендіру.
- Агроөнеркәсіптік секторды дамыту.
- Цифрландыру.
- Энергетика.
- Инфрақұрылым және логистика.
- АХҚО
Шара бағдарламасы «Қазақстан жаңа сын-тегеуріндерді қарсы алады» пленарлық отырысынан, мына тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер өткізуден тұрады:
- «Әртараптандырылып жатқан экономика үшін жаңа нарықтар құру»,
- «Еуразия аймағының логистикалық әлеуеті»,
- «Қазақстанның энергетикалық әлеуеті — дамудың жаңа кезеңіне инвестициялар»,
- «Еуразиялық цифрландыру күн тәртібі — Индустрия 4.0 инфрақұрылымын дамыту».
Бұдан өзге, KGIR-2018 алаңында үкіметтік брифингтер ұйымдастырылады:
- «Қазақстанда жекешелендіру бағдарламасының тиімділігін арттыру»,
- «Агроөнеркәсіп: Жаңа жібек жолының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» және
- «Металлургия және тау-кен өнеркәсібінің мүмкіндіктері», сонымен қатар
- АХҚО-ның «Астана халықаралық қаржы орталығы — Еуразиялық қаржы нарықтарына кіру» атты презентациясы.